«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау»/Choosing a career is not an easy matter

Оқырмандарымыз үшін мамандықтар әлеміне арналған ағылшын тілі сабағы өтті. Бұл сабақта балалар жәрмеңкеге қатысу арқылы мамандықтардың ағылшын атауларымен таныса алды. Олар түрлі ашық алаңдағы ойындар ойнап, бір-біріне мамандықтар туралы жұмбақтар жасырды. Сонымен қатар, шығармашылық жұмыс жасап, өзінің сүйікті мамандығын бейнелейді, сондай-ақ мамандықтар туралы туындылар мен мультфильмдерді еске алады.

Read More

Халық даналығының айнасы

Балалар және жасөспірімдер кітабы апталығы аясында Зәки Ахметов атындағы № 16 мектептің 5 – сынып оқушыларына «Халық даналығының айнасы» атты ертегілік шеру ұсынылды. Ертегі кейіпкерлері балалармен қызықты ойындар ойнап, көңілді би биледі, жасырынған ертегі кейіпкерлерін тапты. Сондай-ақ, қатысушылар ертегіні рөлдерге бөліп оқып, актерлік шеберліктерін де көрсетті. Оқушылар өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерін сипаттап, жағымды және жағымсыз…

Read More

Әкелер әңгімесі

Бүгін кітапханамызда «Әкелер әңгімесі» айдарында өз туған өлкесін әсем әніне қосып жүрген өнерпаз, Катонқарағай ауданының тумасы, өз тыңдарманын қалыптастырып үлгерген тамаша әнші, жерлесіміз Айдын Алдархан ұлдарымен қонақта болды.  Кездесуді кітапхана оқырмандары залдан офлайн және әлеуметтік желі арқылы онлайн тамашалап, қонағымызға өз сауалдарын қойды. Кездесу барысында қонаққа қызықты сұрақтар қойылып, әншінің балаларымен көңілді ойын ойналып, әсем…

Read More

IQ Дода

Кітапханамызда зияткерлік күніне орай жастардың әлеуетін, ақыл-ойын, қазақ халқының салт – дәстүрін дамыту мақсатында «IQ Дода» атты ойын өтті. Ойын әртүрлі саладан түрлі сұрақтардан құралды. Шара соңында наурыз мейрамы дастарханынан дәм татты.  

Read More

Армысың, Наурыз

Наурыз мейрамы қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігі Жақсылық Омардың қолдауымен “Армысың, Наурыз” атты облыстық мүшәйрадан арнайы жүлдені қанжығалап қайтқан әріптесіміз Дана Исағұлқызын құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз. Жазарыңыз көп болсын.

Read More

Ертегілер елінде

Клубтық ағылшын тілі сабағы аясында халықтық ойындарға деген қызығушылықты дамытуға бағытталған іс-шара барысында балалар қазақ халқының “арқан тарту”, “көкпар”, “аударыспақ”, “бәйге” және т.б. ойын түрлері туралы білімдерін еске алып, бөлісті. Балалар ағылшын тіліндегі ұлттық ойындар туралы білімдерін жаңартып, сұрақтарға жауап бере алды және “спорт” тақырыбы бойынша сөздік қорын толықтырды. Сондай-ақ, қазақ ертегісінің кейіпкері Алдар Көсемен…

Read More

Шебер қолдар

Бүгін кітапханамыздың кішкентай оқырманы Алмасбек Ибраһим 22-наурыз мерекесі қарсаңында «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысып, кітапхана қызметкерімен бірге түрлі-түсті фетр матасынан себет жасаудың жолын үйренді. Тез әрі оңай жасалатын себетті мереке күндері жақындарына, сыйлауға өте қолайлы.  

Read More

НАУРЫЗ – 2022

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кітапханамызда әлі де өз жалғасын табуда. Тарихы тереңде жатқан бұл дәстүрдің ұрпақ үшін берері мол. Осы орайда бүгін кітапхананың тұрақты оқырмандарына «НАУРЫЗ – 2022» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шараға қатысушыларға Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі және қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы мағлұмат берілді. Ұлттық дәстүрімізді ұлықтаған бұл күні оқушылар әртүрлі…

Read More

Президенттің жолдауы

Кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Халыққа жолдауы тыңдалды. Жолдауда халқымыздың бірлігін нығайта отырып, еліміздің тұрақты дамуы басты назарға алынды. Қоғамда ашық әрі әділ бәсеке орнату арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруына бағытталған шаралар Жаңа Қазақстанның қарқынды дамуына ықпал етері сөзсіз. Аймақтың тұрмыс-тіршілігін жандандыруы жас ұрпақтың төл тарихымызды құрметтеп, өлкенің құндылықтарын білуіне жол ашады.

Read More