«Мақтаншақ қоян» ертегісі

ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы аясында ұйымдастырылған «Сөз құдыреті. Живое слово» атты облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы Өскемен қаласы «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицейі » КММ 1-сынып оқушыларымен өткізілді. Оқу барысында оқушылар өзбек халқының «Мақтаншақ қоян» ертегісін тыңдады. Оқушылар ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, кейіпкерлер туралы өз ойларын білдірді….

Read More

Сиқырлы бояулар

Әдемі түстер әлемді нұрландырады десек, кішкентай бүлдіршіндер күздің салқын күніне қарасмастан кітапханамызға шуағы мол шаттық сыйлады. “Сиқырлы бояулар” үйірмесінің жас суретшілері алтын күз тақырыбындағы суреттерін қылқаммен ғана салып қоймай, сезініп, жүректерімен де бейнелей білді. Келгендеріне көп уақыт болмаса да, қолымен қиялымен жүрегімен сурет салып, өздерінің талантты да қабілетті екендіктерін көрсете білуде.

Read More

“Алтын сақа” брейн-ринг

Қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қазақ халқының ұмыт болып кеткен салт-дәстүрлерін жаңғырту арқылы сабақ барысында оқушыларға ұлттық құндылықтарды үйрету әдіс-тәсілдерімен танысты. “Алтын сақа” брейн-рингінде ою түстеріне орай топтарға бөлініп, «Қара. Ойлан. Орында», «Серпілген сауал», «Құпия зат», “Үш таяқша” әдістері арқылы тақырыпты меңгерді. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жазушылар шығармаларымен танысты. Шара соңында берілген сөзді қолданып, сабақты қорытындылап,…

Read More

Біз мектепке барамыз

Алғаш мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерді білім алуға, озат, үлгілі оқушы болуға шақыратын «Біз мектепке барамыз» атты шара кітапханамызда өз жалғасын табуда… Мереке барысында бүлдіршіндер Күлдіргі мен Бүлдіргі, Екілікпен бірге қызықты ойындар ойнап, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, олар жаттап келген тақпақтарын айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында болашақ оқырмандар мектепте тәртіпті болуға,…

Read More

Бүгін — Наурызнама бойынша ынтымақ күні

Наурыз мейрамы – еліміздегі барлық ұлт өкілінің бірлігін арттырады. Кітапханамызға өзге ұлт өкілі болса да қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастар қонаққа келіп, өздері білетін ұлттық ойындарды ойнады. Мерекелік көңіл-күй мен өзара сыйластық орнаған шарада бейбітшілік пен достық, бірлік туралы кітаптардың «алтын жинағы» таныстырылды. Кітаптың атмосферасына көбірек ену үшін оқырмандар үстеліміздегі QR коды арқылы осы шығармалардың…

Read More

Абай – дана, Абай – дара қазақта/Great thinker and unique genius

Тіл үйірмесінің сабағы қазақ әдебиетінің ұлы классигі, өз заманының философы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевқа арналды. Сабақ басында балалар белгілі ақынның өмірбаянымен, оның шығармашылық еңбектерімен қысқаша танысты, кітап шығармаларының шағын көрмесіне қатысты, олардың үзінділерін қазақ, орыс, ағылшын және тіпті неміс тілдерінде оқыды, бірнеше зияткерлік тапсырмаларды орындайтын топтық ойынға қатысты.  Соңында, біздің оқырманадарымыз Абай өлеңдерінің негізінде түрлі-түсті…

Read More