Балалар жылы

✅Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Жарқын болашақтың кепілі балалардың санасына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мәдени, әдеби қолдау көрсету, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында кітапханамызда бүлдіршіндерге арналған әртүрлі жанрдағы кітаптардан «Балалар кітап әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. ✅Осы орайда кітапхана қызметкерлері облыстық «Алтай» телеарнасына сұхбат беріп, балалар жылында кітапханамызда атқарылатын…

Read More

КІТАПХАНА + ТЕАТР

Бүгін “Мұзды өлке” ертегісінің сахналық қойылымын тамашалауға келген кішкентай бүлдіршіндерге кітапхана қызметкерлері жаңа жылдық кітап көрмесін ұсынды. Көрме барысында балалардың қызығушылығын тудырған кітаптың бірі – “Мұзды өлке” ертегісі. Сүйікті мультфильмдерінің ертегі нұсқасымен таныс балалар ертегі кейіпкерлерін сахнадан көрудің, олардың түрлі әрекеттеріне куә болудың әсері бөлек екенін айтып, өз көңіл-күйлерімен бөлісті.

Read More

Темекі орнына дәрумен

ADK сауда ойын-сауық кешенінде  «Темекі орнына дәрумен»  атты акция ұйымдастырылды. Онда темекіні мандаринге айырбастап, салауатты өмір салтын қалыптастыруды әдетке айнадыру барысы айтылды. Кітапхана қорындағы «50 уроков здоровья», «Жүрек қалай соғады?», «Будь здоров!», «Нашақорлық-қасірет», «Тазалықты сүйеміз» т.б, көптеген танымдылығы мол  кітаптар таныстырылды.  Сауда орталығына келген қала тұрғындары шараға белсенділікпен қатысты. Талай шылымды бел ортадан сындырып, витаминге…

Read More

Күн дидарлы Қазақстан

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы КМҚК-нің 3-4 жас аралығындағы бүлдіршіндеріне «Күн дидарлы Қазақстан» атты ойын сабақ өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Балабақша тәрбиеленушілері шаттық шеңберін құрып, өздерінің сүйікті кейіпкерлері саяхатшы Дара мен оның досы Алаяққа өз өнерлерін көрсетті. Сүйікті мультфильм кейіпкерлері Дара мен Алаяқтың…

Read More

Жеті қазына – өмір қажеті

Жыл көлеміне жоспарланған «Жеті қазына – өмір қажеті» атты кітапханаішілік бағдарламасы табысты жүзеге асырылды. Аталмыш бағдарлама аясында бірнеше кезеңге бөлініп, әртүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралардың негізгі мақсаты қазақ өміріндегі ер жігіттің тұлғасын айқындау, халқымыздың сан ғасырдан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан жеті қазынасы – жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз…

Read More

«Ең асыл құндылық»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ 9А сынып  оқушыларына «Ең асыл құндылық» тақырыбында тарихи калейдоскоп өткізілді. Шара барысында қазақ елінің басынан кешкен оқиғалар: 1723-1728 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы, қанша жылдар өтсе де дүмпуі дүниені дүр сілкіндірген 1941 – 1945 жылдардағы…

Read More

«Оқып болсаң басқаға бер»

Буккроссингтің басты принципі: «Оқып болсаң басқаға бер», Ұраны – «Бүкіл әлемді кітапханаға айналдырамыз». Біз, ата-ана, ұстаз, кітапханашылар болашағымызға «КІТАП ОҚЫ» деп айтудан әсте жалықпаспыз. Қала тұрғындарына және сапарға шыққан жолаушыларға өз уақыттарын тиімді, әрі пайдалы өткізуіне қолайлы болатындай «КІТАП ОҚЫ» жобасы бойынша «Өскемен-1»вокзалында «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» атты нақыл сөзді ұстанымға ала отырып шағын…

Read More

Ғажайыпты шынайы өмірден іздейік…

Аудандық, облыстық, республикалық әдеби конкурстардың жеңімпазы, Қазақ-венгр балалар әдебиеті жобасының мүшесі Нұғыманова Кәмшат Абылғазықызымен «Ғажайыпты шынайы өмірден іздейік…» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жерлес жазушының ертегілері венгр тіліне аударылып, екі елдің ортақ платформасында жарияланғаны жайлы сөз болды. Балаларға арналған «Жоғалған ұйқы» кітабының тұсауын өлкеміздің ақындары Ихсанова Нұржанат Бақытқызы мен Оразай Жеңісұлы кесті. Сондай-ақ, кездесуге жинақтың…

Read More

Евгений Вадимович Домашевпен кездесу

26 қараша күні кітапхана оқырмандары – өлке табиғатының сұлулығын ерекше бағалайтындар мен фотография өнеріне қызығушылар Шығыс Қазақстан облысының үздік фотографтарының бірі Евгений Вадимович Домашевпен кездесті. Белгілі фотограф кітапхана оқырмандарына өлкеміздің көрікті әрі саяхатшылардың ең көп келетін жерлері – Подбелушье, Ивановский жотасы, Бұқтырма, Тайынты, Сауыр-Тарбағатай өңірлерінің әсем табиғаты туралы қызықты ақпараттар берді. Евгений Вадимович – эколог,…

Read More

Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі

Алматы қаласының әкімшілігі және Алматы қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Алматы –Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты республикалық форумның екінші күні сәтті жалғасуда. Форумда ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі жанындағы кітапхана ісі жөніндегі көркемдік кеңестің «Кітапхана және оқырман: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» тақырыбындағы отырыс болып өтті. Көркемдік кеңесте ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Қойтанов Әділ Қаженбайұлы кітапханашыларды…

Read More