Жүзден жүйрік

Бүлдіршіндердің жүздерінен күлкі кетпесін! Бүгінгі жаңбырлы ауа райына қарамастан кішкентай оқырмандарымыз кітапхана төрінен табылды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарымызға арнап «Жүзден жүйрік!» атты эстафеталық ойын ұйымдастырды. Шара барысында балдырғандар ұлттық ойын асық атуды шеберлікпен ойнап, мергендіктерін көрсетті. Сондай-ақ топ мүшелері кеглиді пайдалана отырып түрлі кедергілерден өтіп, ұйымшылдықтарын танытты. Боулинг добын дөп тигізген бүлдіршіндер жүйріктіктерін байқатып, өзара сынға…

Read More

Библиоша

«Библиоша» оқу академиясының кезекті кездесуі Алдар Көсе хикаяларын мәнерлеп дауыстап оқумен бастады. Дауыстап оқу бала тілінің дамуына, өз ойын айта білуге, еске сақтау қабылеттерін дамытуға көмектеседі, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.  Оқушылар Алдар Көсе ертегісі бойынша қойылған сұрақтарға мысалдар келтіре отырып жауап берді. Сондай-ақ, ертегінің соңын өз беттерінше жалғастыруға тырысып, қиялдарын дамытты. 

Read More

«Сен нені ескермей жүрсің?» дәрігермен онлайн-кездесу

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы және С. Аманжолов атындағы ШҚУ жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті бірлесе «Сен нені ескермей жүрсің?» атты дәрігермен онлайн-кездесу ұйымдастырды. Оған Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Нуркенова Айгерим Шахымурановна қатысып, дәріс оқыды. Онлайн барысында өзіңізді және жақындарыңызды вирустық аурулардан қалай қорғау жолдары, көктемгі витамин жетіспеушілігі кезінде иммунитетті…

Read More

Сенің құқығың бар / You have the rights

Конституция күні мерекесі қарсаңында біз балаларымызды ертегідегі құқықтық викторинаға қатысуға шақырдық, онда белгілі ертегілердің кейіпкерлері мен олардың сюжеттерінің үлгісінің негізінде олар белгілі бір кейіпкерге қатысты қандай құқықтар бұзылғанын анықтауға тырысты. Бірақ алдымен балалар қандай құқықтар мен міндеттер бар екенін есіне алып, оларды ағылшын тілінде қалай атауға болатындығын үйренді.

Read More

Президенттің жолдауы

Кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Халыққа жолдауы тыңдалды. Жолдауда халқымыздың бірлігін нығайта отырып, еліміздің тұрақты дамуы басты назарға алынды. Қоғамда ашық әрі әділ бәсеке орнату арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруына бағытталған шаралар Жаңа Қазақстанның қарқынды дамуына ықпал етері сөзсіз. Аймақтың тұрмыс-тіршілігін жандандыруы жас ұрпақтың төл тарихымызды құрметтеп, өлкенің құндылықтарын білуіне жол ашады.

Read More

Сиқырлы бояулар

“Сиқырлы бояулар” сурет үйірмесінің кезекті басқосуы ерекше көңілді өтті. Қыс мезгілі келіп жеткен соң, балалармен бірге аққаланың суретін салдық. Балалар алдымен сурет салудың қарапайым қадамдарын үйренді. Аққаланың негізгі формасын – үш шеңберді қалай салу керек екенін көріп, оны бояу тәсілдерін меңгерді. Көк түспен қысқы аспанды бейнелеп, шам бағанасы арқылы ерекше атмосфера қосты. Шамның жарығы сары…

Read More

«Кітапхана + театр» жобасы

«Кітапхана + театр» жобасы аясында кітапхана ұжымы сахна мен кітап сиқыры тоғысқан әсерлі күн өткізді. Театр төрінде қойылған «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» атты көңілді қойылым көрермендердің көңілінен шықты. Кітапханашылар арнайы дайындаған ертегілер мен шытырман оқиғаларға арналған көрме көрермендерді кітап әлемінің ғажайып иірімдеріне жетеледі. Балалар құмырсқалар мен аралар туралы қызықты ертегілермен танысып, сахнадағы кейіпкерлермен…

Read More

Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылды

Жерлесіміз, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі мен қолтаңбасы бар көрнекті ақын, биыл өткен «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасының қорытынды тізіміне енген Гүлнар Салықбайдың «Аспандағы аңсарым» жинағы келіп түсті. Сондай-ақ ақын, азғантай ғұмырында көркем мінезді болмысымен, отты жырларымен алты Алаштың ардақтысына айналған Нұрлан Мәукенұлының «Қиқулап ұшқан қызғышым» жинағы алыстағы Алматыдан, «Абай» баспасынан келіп, кітапханамыздың…

Read More