«Қ.Сәтбаев даңғылы» иммерсивті серуен
Қазақтың тұңғыш академигі, даңқты геолог-ғалым Қаныш Имантайұлының туғанына 125 жыл толуына орай кітапхана қызметкерлері оқырмандармен бірге қаламыздағы Қ.Сәтбаев даңғылына сапарлап, тұлғаның туып өскен ортасы, еңбек жолы жайлы тың деректерді иммерсивті құлаққаптың көмегімен ұсынды. Сондай-ақ, оқырмандар «Көшеге қай жылы ғалымның есімі берілді?», «Даңғыл бойында қандай ірі құрылыс нысандары орналасқан?» т.б. осы сияқты біршама қызықты сұрақтарға жауап…
24 қаңтар-халықаралық білім күні.
24 қаңтар-халықаралық білім күні. Білім адам құқықтарының бірі, қоғамдық игілік және мемлекеттік жауапкершілік болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы білім берудің, бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етудегі рөлін ескере отырып, 24 қаңтарды халықаралық білім күні деп жариялады.
Нан- дастархан байлығы
Ағымдағы жылдың 16 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында әлемдік мәдениеттегі ең қасиетті тағамдардың бірі – нанға арналған керемет «Нан-дастархан байлығы» фестивалі өтті. Фестивальдің ашылуы түрлі елдердің «наубайханаларына» саяхат жасайтын гастрономиялық сапарға шақырудан басталды. Француз наубайханасы «Қытырлақ круассан» жеңіл әрі үлпілдек круассан пісірудің құпияларымен бөлісті, ал итальяндық «Күншуақ пицца» қытырлақ фокачча дайындаудың…
Библиоша
Жаңа оқу жылында «Библиоша» оқу академиясы өз жұмысын жалғастыруда. Академия қатысушылары кітапханамызда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай бас қосып, үш тілдегі ертегі кітаптарымен танысты.Ұлдар тобы үш тілдегі «Алдар Көсе» ертегісін рөлдерге бөліп оқып, оқиға желісімен шағын қойылым қойды. Ал қыздар тобы екі тілде жазылған «Ажалдан құтқарған ақылды сөз» яғни, «Умное слово, спасшее…
Жақсылық шамы
Қазақ деген ұлы халықтың тектілігі мен өршіл рухын жырға қосқан жас ақындар С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің филология факультетінің 3-курс студенттері Ернұр Жұматай, Шуақ Нөсерхан, Айбар Рамазанмен «Жақсылық шамы» атты әдеби кездесу ұйымдастырылды. Шараға Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектептің 7-сынып оқушылары қатысты. Жас ақындар өз туындыларын оқып, сиясы кеппеген өлеңдерін оқырман қауыммен бөлісіп, басқа қырларымен…
«Қаламы – қару, сөзі – ел намысы» атты тағылымды шара өтті
Қалай ойлайсыздар, бір адамның сөзі бүтін бір халықтың рухын оята ала ма? Ол сөз жүрекке жол тауып, сананы сілкіндірсе ше?. Осындай ұлт рухын тербеткен, еркіндік пен елдік идеясының шырақшысы болған дара тұлға — ағартушы, ақын, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Қаламы – қару, сөзі – ел намысы» атты тағылымды шара оқырман назарына ұсынылды….
Әлем ғылымдар тілінде
«Әлем ғылымдар тілінде» атты ғылым апталығының аясында кітапханамызда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, философия ғылымдарының докторы (PhD), ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен «Университет ғылымы: болашаққа көзқарас» тақырыбында кездесу-сұхбат өтті. Кездесуге қала мектерінің 10 – 11сынып оқушылары қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Болашақ…
Күз мерекесі
Күз мерекесі – ең жарқын және мерекелік іс-шаралардың бірі. Бүгін біздің іс-шараның қонақтары “Headway” балаларды дамыту орталығының ең кішкентай оқырмандары болды. Балалар орманға барып, оның күзгі түстерін тамашалады, бірақ жолда олар күзді және оның сиқырлы щеткасын ұрлап кеткені белгілі болған зұлым сиқыршыны кездестірді. Оны құтқару үшін жас саяхатшылар көптеген қиындықтарды жеңуге мәжбүр болды. Біріншіден, олар…