«Kazakhstan: made of unity (Қазақстан: бірліктің тұғыры)» мәдени микс

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кітапханада қызықты іс-шара өтті. Оқырмандарымыз әлем халықтарының ұлттық ойындарымен танысып, Шығыс-Қазақстан облысының сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафт мұражай-қорығы ұйымдастырған «XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың ортасындағы Кенді Алтай орыс шаруаларының дәстүрлі киімі» атты көрмені тамашалады. Көрме өңірдің мәдени мұрасының байлығы мен алуан түрлілігін көрсетті.

Read More

«Ғажайып оқу сәті»

Бүгін Облыстық «Ғажайып оқу сәті» атты бір мезгілде дауыстап оқу акциясы аясында № 9 орта мектебінің оқушылары Шығыс Қазақстан облысының жазушысы Алина Тайганың «Царевна-мышь» атты ертегісін тыңдады. Тылсым күштер көріністері, жақсылық пен жамандықтың күресі жарқын бейнеленген «сиқырлы» туынды балалардың шынайы қызығушылығын тудырды. Аталған ертегі жақын адамдарға деген қамқорлыққа, адалдыққа және мейірімділікке үйретеді. Оқырмандар ертегі авторының…

Read More

5518 әскери бөлімінде әскери қызметкерлерді демобилизациялауға арналған «Сәт сапар, жас сарбаз!» мерекелік кеш

Кітапханамызбен ежелден серіктестік орнатқан 5518 әскери бөлімінде әскери қызметкерлерді демобилизациялауға арналған «Сәт сапар, жас сарбаз!» атты мерекелік кеш өтті. Шараға сарбаздармен мәдени-ағарту жұмыстарына белсене қатысқан кітапханашылар шақырылды. Мерекелік кеш бөлімшенің офицерлері, әскери қызметшілері, сондай-ақ шақырылған өнер қайраткерлері және мәртебелі қонақтармен ашылды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан КСРО спорт шебері, профессор, Өскемен қаласы мен Зайсан…

Read More

Қисық жол

Жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де болып қайтты. Шара барысында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің «ШАБЫТ» студенттер театры дайындаған нашақорлыққа қарсы «Қисық жол» атты көрінісі 8-11 сыныптарының назарына ұсынылды. Сахналық қойылымды көру арқылы жасөспірімдер зиянды әдеттердің адам өміріне кері әсер…

Read More

Нәсіпхан Самғауұлының жетістігі – еңбектің, табандылықтың және арманға деген сенімнің айқын дәлелі!

Қарапайым ғана Ново-Явленко ауылынан шыққан Нәсіпхан Самғауұлы бүгінде аяқ киім өндірісі саласында зор жетістікке жетіп, өз ісінің хас шебері атанып отыр. Еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында ол өз бренді — SMG маркасын қалыптастырып, таза былғарыдан жасалған сапалы әрі сәнді отандық өнім шығарумен ел назарын аударды. Биыл ол ел Президентінің қолынан арнайы төсбелгімен марапатталып, тіпті Мемлекет басшысының…

Read More

Жасыл шырша жанында: Жылқының сиқырлы тағалары

«Жасыл шырша жанында: Жылқының сиқырлы тағалары» атты  ертеңгілік балалар үшін көңілді, жарқын әрі нағыз жаңа жылдық әсерге толы өтті. Мерекелік оқиға Жаңа жылдың символы — Жылқының сиқырлы тағалары жоғалып кеткен сәттен басталды. Сол тағаларсыз Аяз ата мен Ақшақар мерекеге келе алмайтын еді. Балалар Тәртіп сақшыларымен бірге Жылқыға көмектесіп, Боран мен Жыланның дайындаған түрлі сынақтарынан өтіп,…

Read More

Гауф В. Кішкентай Мук: ертегі / В. Гауф; [ауд. Т. Әукенова] . – Астана: Фолиант, 2024. – 32 б.: суретті

Немістің танымал жазушысы Вильгельм Гауфтың «Кішкентай Мук» ертегісі – қала балаларының мазағына айналған бақытсыз ергежейлі туралы оқиға. Ол тағдырдың тәлкегіне ұшырайды: ешқандай іске икемі болмайды, жастайынан жетім қалады, туыстарының зұлымдығын көреді. Бұл – адамды сырт келбетіне немесе қоғамда алатын орнына қарап бөлуге болмайтынын үйрететін мағыналы ертегі. Ертегінің сараңдықпен қызғаныштың алысқа апармайтынын, жақсылықтың жамандықты жеңетінін еске…

Read More

Да здравствуют девчонки!

Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралып, табиғат жанданады. Осындай керемет мезгілмен бірге ерекше мерекелердің бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келеді. Атаулы мерекеге орай кітапхана қызметкерлері «№15 орта мектебі» КММ-нің 1-5 сынып оқушыларына «Да здравствуют, девчонки!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мереке жаршылары – көңілді клоундар Бибик пен…

Read More