«Азаттықтың ақ таңы» (мүшәйра)
Ата-бабаларымыздың асқақ арманы болған ұлы күнді жырға қосқан ақындар аз емес. 2021 жылдың 28 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты облыстық ақындар мүшәйрасы қорытындыланды. 22 қатысушы үміткер ақындарымыздың өлеңдерін құрамында Зәкәрия Хасен, Омарбаева Дәмеш, Тастағанов Мұрат, Жұматов Серік, Құсайынова Анар сынды ақындар бар қазылар алқасы сарапқа салып, бағалады. Нәтижесінде…
Ертегі ғаламшары
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай кітапханадағы оқу академиясының мүшелерімен «Ертегі ғаламшары» атты мерекелік сағаты әсем әнмен басталды. Шара қатысушылары жасырынған жұмбақтар арқылы өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін табуға белсене қатысты. Балалар айға сапар шегу арқылы ғаламшар құпиясын ашып, ғарышкер болуды армандайтын қиялшыл балаға дос іздеуге көмектесті. Оқушылар шашыраңқы кітап көрмесі арқылы қызықты ертегілермен…
Коллоквиум
Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі – бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, дамып отыратын рухани игілік. Жастар арасындағы коллоквиумда дәстүр мен жаңашылдық, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын жастар ортаға салды. Шараға арнайы шақырылған қонақтар өнерлі жас, жастар маслихатының…
Ы.Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы
Кітапханада жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ы.Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы» атты республикалық конференциясы ұйымдастырылды. Ұлы ағартушының мерейтойына арналған кітапханааралық конференцияға Республика көлемінде: Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Ақтөбе қаласы, Нүрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар…
Шымырлық пен шеберлік күні
Өскемен қаласының Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушыларымен Наурыз мейрамының қарсаңында «Шымырлық пен шеберлік күні» ұйымдастырылды. Атап айтқанда асық ату, ұшты-ұшты, арқан түю, тақия тастамақ, тымақ ұру сияқты ұлттық ойындар ойнатылды. Шараның басты мақсаты ұлттық ойындарды насихаттай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.
Шымырлықпен шеберлік күніне
Қайырлы күн, қымбатты оқырмандар! 19 наурыз – “Шымырлықпен шеберлік күніне” орай кітапхана қызметкерлері таңғы жаттығу жасады. Барлықтарыңызға мықты денсаулық тілейміз!
17-наурыз игі істер күні!
Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Лепірме сөз сияқты көрінсе де, мейірімділік пен қайырымдылық адамға адам болып қалуына көмектеседі. Қалаған жағдайда мұндай лайықты қасиетке кез келген адам ие бола алады. Қоғам болған соң көмекке мұқтаж адамдар да көмек қолын созатын жандар да табылады. Дәл бүгін Игі істер күнінде Шығыс…
«Ұлттық дәнге ұста бол»
2021 жылдың 18 наурызы күні ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы қабырғасында «Ұлттық дәнге ұста бол» атты қазақ асханасының фестивалі ұйымдастырылып, қазақ халқының ұмытылып бара жатқан тағамдары өзге ұлт өкілдеріне таныстырылды. Фестиваль барысында Шығыс Қазақстан өңірінде ұлттық тағамдарды насихаттап жүрген «QURT&WINE» мейрамханасының иесі, ресторатор Тойбазаров Мұхтар Серікұлы қазақ халқының ұлттық тағамдарының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оқырмандарға қазақ асханасын…