«Оқитын қала балалары. Город читающих детей»

Кітапхана баспасөз беттерінде Құрметті оқырман! ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымы «Қазақстандағы Балалар жылы» аясында қолға алынған жобалар мен үйірме жұмыстарының және ең үздік оқырмандардың жыл бойында көрсеткен жетістіктерін қортындылау мақсатында өткізген «Оқитын қала балалары. Город читающих детей» атты республикалық кітап фестивалі жайлы мақала облыстық “Рудный Алтай” газетінің 8 желтоқсандағы №144 санында жарық көрді….

Read More

Жүректі жылытатын мейірім

Жүректі жылытатын мейірім. Қарттарға көмек көрсету жас ұрпақтың оларға деген ризашыдығын білдіреді. Мейірімділік акциясы аясында кітапханашылар мен еріктілер болып Шмелева Евдокия Михайловна апамыздың ауласын тазартып, ағашын жарып тамшыдай көмек көрсетіп қайттық Әжейдің батасын алып, қуанған жүзін көріп, біз де марқайып қалдық.

Read More

Білім данасы – БАСТАУЫШ!

Жүздерінен нұр шашқан, қылықтары тәтті біздің бүлдіршіндер үшін ерекше күн. Бүгін кітапхана төрінде күні кеше білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан кішкентай оқырмандарымыз үшін «Білім данасы-Бастауыш!» атты мектепалды даярлық тобының тілашар мерекесі ұйымдастырылды. Мереке барысында сүйкімді оқушылар Пырақ ханшайымымен ертегілер әлеміне саяхат жасап, сиқырлы ормандағы Саңыраңқұлақ бикешпен бірге түрлі қызықты тапсырмалар орындады. «Сөздер құрайық!,»,«Сөз ойла,…

Read More

Сабантойы-2025

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы оқу жылының аяқталуына және көптен күткен балалардың жазғы демалыстарына арналған «Сабантойы-2025» мерекелік шара өткізді. Сабантой -2025 ашылу салтанатында    ұлттық киіммен жарасымды киінген кітапханашылар сүйікті оқырмандарын мерекелік керуенмен қарсы алды. Мереке ойындар мен әндерге, ертегілер мен жұмбақтарға, шытырман оқиғаларға толы болады.  «Оқысаң өкінбейсің» атты мерзімді басылымдар…

Read More

“Word searching” ойыны

Бүгін кішкентай оқырмандар ағылшын тілінен жаңа сөздерді үйреніп, word searching ойынын ойнады. Сондай-ақ кезекті психологиялық тренинг қол моторикасын, зейінді дамытуға, қабылдау, есте сақтау және ойлау сияқты когнитивтік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал етті.  

Read More

Жолдағы сапар

Әдетте, адамдардың бәрі жаз айларында жағдайды өзгертіп, жаңа әсер алғысы келеді, бұл үшін кітапханашылар оқырмандарды кітаппен бірге демалуға шақырады. «Кітап адамды ала алмайтындай ғаламда кеңістік жоқ», атты қағиданы ұстана отырып «Өскемен-Алтай» бағытындағы поездындағы жолаушыларға және «Алтай бухтасы» демалыс базасындағы демалушыларға «Жолдағы кітаптар сапары» атты акция ұйымдастырылды. Шара барысында Совет Одағының батыры Ізғұтты Айтықовтың 100 жылдығына…

Read More

“Барлық жер ендіктерінің адамдары Жаңа жылды қалай қарсы алады”

  № 9 орта мектептің 7-сынып оқушылары үшін ең сүйікті және көптен күткен жаңа жылдық мерекеге арналған танымдық-ойын сағаты өтті. Балалар Жаңа жылдың пайда болу тарихымен танысты, басқа елдерде оны тойлаудың қандай дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар екендігі, шырша неге осы мерекенің символына айналғандығы және қандай жаңа жылдық белгілер ерекше болып саналатыны туралы қызықты фактілермен танысты….

Read More

Біз білмейтін мамандық

Мамандық таңдау — адам өміріндегі болашағын айқындайтын, үлкен өмірге аяқ басатын маңызды қадамдарының бірі. Болашақта білімді, қажетті маман иесі болу әрбір оқушының алға қойған мақсаты, тіпті арманы десек те болады. Осыған орай, бүгін кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы Зәки Ахметов атындағы 16 мектеп КММ-нің 8 сынып оқушыларына арнап мамандық таңдауға саналы түрде бағыттау мақсатында «Біз білмейтін…

Read More

Леонардо жұмбағы

Биыл әлем бойынша Леонардо Да Винчидің 570 жылдығы аталып өтуде. Оқырмандарға тамаша суретші, инженер, өнертапқыш, музыкант, сәулетші, анатомист Леонардо Да Винчидің өмір тарихы мен еңбек жолын таныстыруға және ол туралы ел арасында кең тараған аңыз-әңгімелерді айқындауға кітапханамыздың тұрақты оқырманы С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Илья Зубков көмектесті. Леонардо Да Винчи әр ісінде өшпес із қалдыра…

Read More

«Приключение светофорика»

Өскемен қаласы әкімдігінің «№14 орта мектебі» КММ-ның 4 сынып оқушылары алғашқы тоқсандық демалыстарын кітапханамызға қонаққа келіп, ерекше көңіл-күймен бастады. Кітапхана қызметкерлері кішкентай қонақтарына кітапхана орталықтарын таныстырып, шағын саяхат жасады. Кітапхана орталықтары мен қызметкерлері жайлы мәліметке қанық болған оқырмандарды әртүрлі эстафеталық ойындардан тұратын «Приключение светофорика» атты мерекелік шара күтіп тұрды. Жол ережелерін түсіндіруге бағытталған шара барысында…

Read More