Сиқырлы бояулар

Әдемі түстер әлемді нұрландырады десек, кішкентай бүлдіршіндер күздің салқын күніне қарасмастан кітапханамызға шуағы мол шаттық сыйлады. “Сиқырлы бояулар” үйірмесінің жас суретшілері алтын күз тақырыбындағы суреттерін қылқаммен ғана салып қоймай, сезініп, жүректерімен де бейнелей білді. Келгендеріне көп уақыт болмаса да, қолымен қиялымен жүрегімен сурет салып, өздерінің талантты да қабілетті екендіктерін көрсете білуде.

Read More

Оқы. Ойла. Таңдауыңды жаса/Smart competition

Іс-шара зияткерлік ойын түрінде өтті, онда оқырмандар командалар бойынша жарысып, кітаптардың, ертегілер мен мультфильмдердің және басқа да танымал кейіпкерлердің есімдерін біле алды. Ойын барысында балалар дұрыс жауаптарды тауып қана қоймай, сонымен қатар іс-шараның соңғы бөлігінде оларға “Treasure quest” квестіне қатысып, сиқырлы кілтті тауып, оның құпиясын ашу ұсынылды.

Read More

Диккенс Ч. Үміт құшағында: роман / Ч. Диккенс; ауд. Г. Исмағұлова. – Астана: Фолиант, 2023. – 488 б. – (Әлемдік классика)

Романның басты кейіпкері Филип Пиррип нағыз джентльмен болуға және қоғамда азаматтық көзқарасын қалыптастыруға ұмтылады. Ол сондай-ақ сүйіктісіне қол жеткізуді де армандайды. Бірақ уақыт өте қамқоршысынан алған қаржылай көмегі мен джентльмендер әлеміндегі дұшпандық пен мейірімсіздіктің бақытқа бастамайтынын түсінеді. Шым шытырық оқиғаларға толы романда жазушының өмірбаяндық сарыны байқалады.

Read More

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі қатысушылармен сәлемдесумен басталып, бірнеше нейрожаттығулар арқылы жалғасын тапты. Нейрожаттығудың пайдасы қандай? Нейрожаттығу – мидың оң және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады. Ұсақ және ірі моториканы дамытады, сонымен қатар ақпаратты тез қабылдап, зейінді шоғырландырады. Шара барысында осы мақсаттарға бағына отырып бірнеше нейрожаттығулар, яғни «Жіппен сурет салу»,…

Read More

Сүйікті кітаптардың кейіпкерлері/Heroes of favorite books

Үйірме шеңберіндегі іс-шарада біздің оқырмандар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін еске алды. Ал қызықты «Guess the book»(Кітапты тап) викторинасына қатыса отырып, балалар түрлі ертегілердегі кейіпкерлердің есімдерін ағылшын тілінде біліп, олардың бастан кешкен ғажайып оқиғаларын еске алды. Осылайша оқішыларымыз кітаптар мен олардың авторларының аты-жөндерін білетін болды. Соңында балалар «Қызыл телпек» ертегісі бойынша театрландырылған қуыршақ қойылымын тамашалады.

Read More

Книгологично-2025

22 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және  жасөспірімдер кітапханасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды «Книгологично-2025» фестивалі өтті. Бұл ерекше шара – оқуға деген сүйіспеншілік пен табиғатты аялау идеясын біріктіретін шара. Фестиваль шығармашылыққа, білімге және экологиялық ағартуға арналған үлкен алаңға айналып, әр қатысушыға табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға мүмкіндік алды. Бағдарламада экологиялық мәдениетті…

Read More

Жүзден жүйрік

Бүлдіршіндердің жүздерінен күлкі кетпесін! Бүгінгі жаңбырлы ауа райына қарамастан кішкентай оқырмандарымыз кітапхана төрінен табылды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарымызға арнап «Жүзден жүйрік!» атты эстафеталық ойын ұйымдастырды. Шара барысында балдырғандар ұлттық ойын асық атуды шеберлікпен ойнап, мергендіктерін көрсетті. Сондай-ақ топ мүшелері кеглиді пайдалана отырып түрлі кедергілерден өтіп, ұйымшылдықтарын танытты. Боулинг добын дөп тигізген бүлдіршіндер жүйріктіктерін байқатып, өзара сынға…

Read More

«Ғылым балалардың көзімен» ғылыми квест

Ғылым апталығы аясында «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп кешенінің» 2 сынып оқушыларымен «Ғылым балалардың көзімен» атты ғылыми квест өткізілді. Шара барысында оқушылар белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы әртүрлі ғылыми тақырыптарды зерттеді, логикалық сұрақтарға жауап берді. Қатысушылармен «Ойлан! Тап!», «Кальмар ойыны», «Ақылды балақай», «Кім жылдам», «Шешімін тап» ойындары ойнатылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды ғылымның…

Read More