Елімнің болашағы өз қолымда

Бүгін кітапханамызда Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айдос Әділбекұлының қатысуымен «Елімнің болашағы өз қолымда» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің» 8 сынып оқушылары қатысып, өз көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап ала алды.

Read More

Күз – береке, күз – молшылық

Кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына арнап «Күз – береке, күз – молшылық» атты күзгі бал мерекесін ұйымдастырды. Шара әсем әнмен басталып, жаймашуақ «Жаздың» қызықты ойындарымен, «Алтын күздің» салмақты сауалдарымен, Орман атаның ізгі тілегімен жалғасты. Мереке барысында кішкентай оқырмандар да ән айтып, көңілді әуенге би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сұрақтарға қызыға жауап беріп, өз белсенділігімен көзге…

Read More

тимбилдинг «Jastar серпантині»

29- қазан күні кітапханадағы жастар орталығында, «QAINAR» QQ мен «Аяла» еріктілер мектебінің мүшелері арасында «Jastar серпантині» атты белсенді жастармен тимбилдинг өткізілді. Белсенділер басқосуында жастар топқа бөлініп, 5 бөліктен тұратын эстафеталық ойында өзара жарысты. Шарада «Іскерлік амандасу», «Бұйрық», «Үй тұрғыз», «Құбыр», «Қалдықдар жинау» атты командалық ойындар ойнады. Қатысушылардың айтуынша, ұйымдастырылған тимбилдингтен олар сергектік, зейінділік, шапшандық, ұйымшылдықпен…

Read More

Вангели С. Гугуцэнің басынан кешкендері: орыс тілінен ауд. Ф. Оңғарсынова. – Алматы: «Мазмұндама баспасы», 2023. – 60 б.: суретті

Молдаван жазушысы Спиридон Вангелидің бұл кітабында Гугуцэ деген кішкентай баланың басынан кешкен қызықты оқиғалары сөз болады. Гугуцэ – ешкімге ұқсамайтын үлкен жүректі балақай. Оның әрбір әрекеті әлемді сүюге үйретеді. Баланың жан тазалығы, шынайылығы оқырманды бірден баурап алады.

Read More

Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы өтті

Сәлемдесуден басталған шара қызықты дамыту жаттығуларымен жалғасын тапты. Шара барысында балалардың нейрологиялық, когнитивтік, эмоционалдық дамуын қолдау мақсатында тапсырмалар ұсынылды. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Осыған байланысты «Құм терапиясы», «Нейро ойын», «Қыстырғыштар» сияқты тапсырмалар және де балалардың физикалық белсенділіктерін арттырып, көңіл-күйін көтеру үшін сергіту сәті орындалды.

Read More

Жеңіс күніне арналған іс-шара

5 мамырда кітапханамызда Жеңіс күніне арналған іс-шара өтті. Басында балалар әскери ант қабылдап, батыл, ұйымшыл және адал болуға уәде берді. Келесі кезекте олар «Әскери жарқыл» атты белсенді ойында зейінділік пен үйлесімді қимылдау шеберлігін көрсетті. Содан соң, бейбіт аспанның белгісі ретінде әр бала қағаздан ұшақ жасап, оны ұшырды. Зияткерлік бөлімде балалар Жеңіс пен соғыс тақырыбына байланысты…

Read More

«Аблакетка. Ауылдың қысқаша тарихы» көрме

Демалыстарының соңғы күні No13 мектептің 4-сынып оқушылары кітапхананың өлкетану орталығында болды. Балалар Аблакетка ауданының тарихынан сыр шертетін көрмемен танысты. Көрмеде «Аблакетка. Ауылдың қысқаша тарихы» кітабы туралы, ол ауданда үйлер қалай салынды, көшелер қалай пайда болғаны жайлы кітаптың авторы Артём Смирнов баяндап берді.

Read More

Тілдер патшалығы

Жас ұрпақтың сөйлеу тілін жетілдіру, патриоттық сезімін ояту, тілін сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу біздің басты талабымыз. Осыған орай Қазақстан халқының  тілдер күні мерекесі аясында Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушыларына «Тілдер патшалығы» атты зияткерлік сайыс өткізілді.«Зымыран сұрақтар», «Жеті жұрттың тілін біл», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр» атты төрт кезеңнен…

Read More

Біз білмейтін мамандық

Мамандық таңдау — адам өміріндегі болашағын айқындайтын, үлкен өмірге аяқ басатын маңызды қадамдарының бірі. Болашақта білімді, қажетті маман иесі болу әрбір оқушының алға қойған мақсаты, тіпті арманы десек те болады. Осыған орай, бүгін кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы Зәки Ахметов атындағы 16 мектеп КММ-нің 8 сынып оқушыларына арнап мамандық таңдауға саналы түрде бағыттау мақсатында «Біз білмейтін…

Read More

Маленькие таланты

Көпшілік алдында ойдағыдай сөйлеу үшін тілге шешен, сөзге бай болу керек. «Маленькие таланты» жобасының бүгінгі қонағы осы қасиеттерге ие. Ол небәрі 9 жаста болса да көшбасшылық қабілетімен көзге түсіп үлгерген, бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың гран-при иегері, жас спикер, оратор – ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің “Опытное поле орта мектебі” КММ 5 “А” – …

Read More