«Мемлекетті айбынды әскер қорғайды» атты тақырыбында Қанат Мұхамедуалиұлы кездесу ұйымдастырылды

С. Аманжолов атындағы ШҚ университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра басшысы полковник Кемелбаев Қанат Мұхамедуалиұлы кітапханамызда қонақ болды. «Мемлекетті айбынды әскер қорғайды» атты тақырыбында Қанат Мұхамедуалиұлы кездесу ұйымдастырылды. Оған қаламыздағы № 5 мектептің 9 сынып оқушылары мен КЭФ колледж студеттері қатысты. Шарада кафедраға түсу бойынша ақпараттар айтылды. Отанды қорғау, патриот болу, отанды сүю туралы мотивациялық…

Read More

Буккроссинг

Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да кітап екені ақиқат. Кітап оқы! Бүгін Өскемен-1 вокзалындағы буккроссингке арналған кітаптар сөресін толтырдық. Жолаушыларды кітап оқуға шақырдық.

Read More

«Oqyrman клубы» отырысы

Кітап сүйер «Oqyrman клубының» кешегі отырысында Санжар Керімбайдың «Өмірге ғашық болу» кітабын талдады. Бір оқырманның айтуы бойынша кітаптағы өмірдің басты мәні делінген Франклдың: «Біз өмірге айналадағы жұртты қуанту үшін ғана келдік. Қасындағы адамның түріне, жынысына, мәртебесіне, діни сеніміне, әлеуетіне қарамастан, оған шаттық сыйлау үшін ғана туғанбыз» – деген пікірін алға тартып, құптап өтті. Жастардың өз…

Read More

Жасанды интеллект және оның түрлері

Кітапханамызда іс-тәжірибеден өтіп жүрген Өскемен қаласындағы Экономика және қаржы колледжінің “Ақпараттық жүйелер” тобының 3-курс студенттеріне “Жасанды интеллект және оның түрлері” тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.

Read More

«Аблакетка. Ауылдың қысқаша тарихы» көрме

Демалыстарының соңғы күні No13 мектептің 4-сынып оқушылары кітапхананың өлкетану орталығында болды. Балалар Аблакетка ауданының тарихынан сыр шертетін көрмемен танысты. Көрмеде «Аблакетка. Ауылдың қысқаша тарихы» кітабы туралы, ол ауданда үйлер қалай салынды, көшелер қалай пайда болғаны жайлы кітаптың авторы Артём Смирнов баяндап берді.

Read More

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

Бүгін кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының бүлдіршіндері бас қосып, бірнеше нейрожаттығулар орындады. Шарада «Түрлі-түсті доптар», «Түстерді сәйкестендіру», «Шарды боя» жаттығулары орындалды. Мұндағы негізгі мақсатым – бүлдіршіндердің зейінін, есте сақтауын, табандылық және шыдамдылығын, сонымен қатар екі қолды бірдей басқаруға, түстерді айыра алуға, ой-қиялын, саусақ моторикасын дамыту болды. Ұсынылған жаттығулар баланы өз қатарынан қалмай, барлығын жеңіл…

Read More

Жүректі жылытатын мейірім

Жүректі жылытатын мейірім. Қарттарға көмек көрсету жас ұрпақтың оларға деген ризашыдығын білдіреді. Мейірімділік акциясы аясында кітапханашылар мен еріктілер болып Шмелева Евдокия Михайловна апамыздың ауласын тазартып, ағашын жарып тамшыдай көмек көрсетіп қайттық Әжейдің батасын алып, қуанған жүзін көріп, біз де марқайып қалдық.

Read More