“Oqyrman” клубы
18 қараша күні “Oqyrman” клуб мүшелері кітапханамызда бас қосты. Онда Абайдың екінші қара сөзін талдаумен ұласты.Жастар өз ойларын қазіргі қоғамды өзектілікті қара сөзбен салыстырмалы түрде жеткізді.
18 қараша күні “Oqyrman” клуб мүшелері кітапханамызда бас қосты. Онда Абайдың екінші қара сөзін талдаумен ұласты.Жастар өз ойларын қазіргі қоғамды өзектілікті қара сөзбен салыстырмалы түрде жеткізді.
«Ақ Ертіс» жас әдебиетшілер клубының кезекті отырысында қазіргі қазақ және әлем әдебиетінің жай-күйі, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы талқыланды. Модернизм, постмодернизм, метамодернизм, магиялық реализм, автофикшн, нон-фикшн жанрлары туралы мол ақпараттар берілді. Және жоғарғы оқу орындарында міндетті түрде оқылатын бірқатар шығармалар талданып, клуб мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Алдағы уақытта талқыланатын шығармалар тізімі жасалып, жоспар…
Кітапханадағы жастар орталығында «Адам. Қоғам. Ізгілік» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдістемелік және консультативтік жұмыс жөніндегі сектор басшысы Ербол Бақытжан Ерболқызы қатысты. Шарада қайырымды қоғам, бақыт, адамның жетілуі туралы мәселелер қазіргі заман үшін де аса өзекті екені айтылды. Бақытжан Ерболқызы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр…
Бүгін кітапханамызға – киелі шаңырағымызға қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін жан аямай еңбек етіп жүрген мүйізі қарағайдай қаламгерлер қауымы қонаққа келіп, әсерлі әдеби әңгімеге шөлдеген шығыс жұртының шөлін бір қандырды. Облысымызда осымен екінші рет ұйымдастырылған «Төр Алтай жырлайды» атты дәстүрлі поэзия фестивалінің құрметті қонақтары кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының атқарып жатқан жұмыстары, биылғы әдеби жыл…
«Ғылым апталығы-2024» аясында ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің оқушылары үшін «Жасанды интеллект» практикалық сабағы өтті.
Библиотуризм аясында өткізілген «Жолдағы кітаптар сапары» акциясы бұл жолы «БелАлекс» фирмасының қолдауымен теплоходта өтті. Кеме жолаушылары үшін шығысқазақстандық жазушылар Кәмшат Нұғыманова мен Елена Липилинаның акцияға қатысуы тосынсый болды. Олар өз шығармаларынан үзінділер оқып, шеберлік сабақтарын өткізді. «Өлеңнен кейін» (шеберлік сағатының бірі осылай аталады) қатысушылардың кез-келгені ақын ретінде өздерін сынап көрді. Кітапхана өзінің үздік оқырмандарын да…
“Кітапханада оқырмандар бос уақыттарын қалай тиімді өткізеді” тақырыбында жас кітапханашы Нәбиолдина Кәмшат сұқбат беріп қайтты. Онда оқырмандық бейне қалыптастыруға, жастарымыздың рухани санасын нығайтуға, жас ұрпақтың оқуына, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға арналған тың жобалар, бағдарламалар және үйірмелер жұмысы жайында сөз қозғалды.
Ғалам қалай жаралған? Оның сыры мен құпиясы неде? Біздің ондағы орнымыз қандай? Ғаламның жасы нешеде? Осы және де өзге сұрақтарға жауап іздеп жүрген білімпаз балаларға арналған қып-қысқа кіріспе.
Кітапхана оқырмандары үшін Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қарасөздің қарагері, Қытайдан Қазақстанға өткен алғашқы ұлы көштің дарабозы Қабдеш Жұмаділовтың 85- жылдық мерейтойына орай, «Дарабоз тағлымы» атты шашыраңқы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының «Дарабоз», «Соңғы көш», «Таңғажайып дүние» сынды тарихи романдары, «Аққуды атпас болар», «Академиктің көз жасы», «Тозақ оты» хикаяттары және «Бір ғана ғұмыр» әңгімелерімен…
Бүгін кітапханада 25 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ 2-сынып оқушыларымен «Елімнің болашағы менің қолымда» атты қарым-қатынас сағаты өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Қатысушылар Отан туралы өлеңнің мазмұнын талдап, еліміздің рәміздері туралы сұрақтарға жауап берді. «Мен елімнің патриотымын» ойыны арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен танысып, өз ойларын ортаға салды. Сиқырлы…