«Елімнің болашағы менің қолымда» қарым-қатынас сағаты

Бүгін кітапханада 25 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ 2-сынып оқушыларымен «Елімнің болашағы менің қолымда» атты қарым-қатынас сағаты өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Қатысушылар Отан туралы өлеңнің мазмұнын талдап, еліміздің рәміздері туралы сұрақтарға жауап берді. «Мен елімнің патриотымын» ойыны арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен танысып, өз ойларын ортаға салды. Сиқырлы…

Read More

«Өлкетану ертегілері күні. День краеведческой сказки»

Бүгін кішкентай оқырмандарымыз «Өлкетану ертегілері күні. День краеведческой сказки» атты шара барысында өлкеміздің бірқатар балалар жазушыларының ертегілерімен таныс болды.      

Read More

Паншат Смағұлқызы Алтай телеарнасының «Алтай таңы» бағдарламасында қонақта болып қайтты

Бүгін көпшілік жұмыстар орталығының жетекшісі Паншат Смағұлқызы Алтай телеарнасының «Алтай таңы» бағдарламасында қонақта болып қайтты. Адамзаттың рухани байлығы болып саналатын кітапхана ордасында «Қайырымдылық айлығы» аясында өткізіліп жатқан іс-шаралардың қоғамдағы жақсылық мәдениетін қалыптастырудағы үлесі жайлы, оқырмандарға бағытталған қайырымдылық және әлеуметтік жобалар мен жақсылық жасауды насихаттау үшін ұсынылатын кітап көрмелері туралы ақпараттар берді.  

Read More

Бүгін кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының қатысушылары бірнеше пайдалы нейрожаттығуларды орындады. Шарада «Суретті тап» тапсырмасы арқылы сөйлеуі тежелген баланың ең алдымен түсінігін қалыптастыруға көмектесетін және «Саусақ» жаттығулары арқылы мидың пластикасын дамытуға болатын тапсырмалар орындалды. Яғни, бұл тапсырмалар ақпаратты тез есте сақтауға және жаңа нәрселерге бейімделу қабілетіне жауап береді. Сонымен қатар ұсынылған «Құм терапиясы» адамға…

Read More

«KITAPstyle» студиясы

Кітапхана қызметкерлері «KITAPstyle» студиясында болып студенттерді кітапханаға жаңадан келіп түскен әдебиеттермен таныстырды. Оқырмандар Т. Әбдік «Біз үшеу едік», Ұ. Далейұлының «Қарғыбаулы қасқыр», К. Конноллидің «Полые куклы» тағы да басқа кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға алды. Кезекті кездесу жастардың бос уақыттарын пайдалы өткізуіне, кітапты талғаммен таңдап оқуларына ықпал етеді.

Read More

«Дастархан байлығы» Нан фестивалі

16 қазан Дүниежүзілік нан күніне орай кітапхана қызметкерлері өз оқырмандарына молшылықтың символы болып саналатын ас атасы нанның қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында қала мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына «Дастархан байлығы» атты Нан фестивалін ұйымдастырды. Фестиваль әсем әнмен ашылып, бөлінген бекеттердегі танымдық іс-шаралармен жалғасты. «Ас атасы» бекетінде күз мезгілінің басты байлығы астық, ұннан жасалатын ұлттық тағамдарының тарихы туралы ақпараттар…

Read More

Оқу мейрамы-2024

Биылғы жылы кітапханада жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Оқу мейрамы-2024» осындай атаумен өтті. Оқу мейрамы кітапханамыздың тұрақты оқырманы Сейтжан Медина Талғатқызының орындауындағы көңілді ән шашуымен басталды. Кішкентай кітапқұмар оқырмандарды Кітап ханшайымымен бірге ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Қатысушылар ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты тапсырмаларды орындауға тырысты. Ең бастысы «Жазғы Kitap Tok» облыстық жазғы оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды….

Read More

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі жалғасын табуда. Балалармен көңілді сәлемдесуден басталған шара доп арқылы түсінік қалыптастыру, зейінін тұрақтандыру, қол арқылы мидың екі жарты шарын қалыптастыру, баланың қимылын байқап, түстерді ажырата алуын қадағалау, қол саусақ моторикасын дамыту, мишықтағы ми нейрондарын ояту арқылы баланың зейінін, есте сақтау қабілетін және де өзін-өзі бақылауда ұстау қабілетін…

Read More