«Qadam» әдеби жобасының мүшелерімен кездесу

«Qadam» әдеби жобасының мүшелерімен кездесу

Поэзия – өнердің биік шыңы. Мөлдір өлеңді көркем туындыға айналдыру нағыз шын таланттың ғана бағына бітеді. Бүгін 17 қараша Халықаралық студенттер күнінде кітапхана төрін сұлу өлең әлдиледі. Кездесу кешінің кейіпкерлері «Qadam» әдеби жобасының мүшелері Гүлім Турсынханова, Ақбота Нұржанқызы, Инабат Зейнелова және жас ақындар Дарын Рамелұлымен Айтолқын Болатқызы қонақ болып қайтты.

Жоба авторы Гүлім Турсынханова аталмыш жобаның мақсаты – талантты жастарды поэзия өнеріне баулып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру деп атап өтті. Сәлем – сөздің анасы демекші келелі кездесу кеші ерекше форматтағы сәлемдесумен басталып, әрі қалай сүбелі сұхбатқа ұласты. Шара барысында кеш кейіпкерлері оқырмандарға жырдан шашу шашып, жүрекжарды тілектерін арнап, көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады.

«Өнерлінің өрісі кең» екендігін «Дыбыста!», «Шар жина!», «Әңгіме Time» ойындарын ойнау барысында біздің кейіпкерлер көрсете білді.

Әсем әнін төгілте орындаған Дарын Рамелұлы оқырмандарға ерекше көңіл-күй сыйлап, баурай білді. Ұтқыр сұрақтарына ұтымды жауап алған Экономика және қаржы колледжінің алғыр студенттері шараға да қызыға қатысты.  Кездесу кешіне қатысқан оқырмандар «Qadam» әдеби жобасының мүшелеріне ізгі тілектерін білдіріп, шығармашылық жолында сәт-сапар тіледі.

Share