«Қауіпсіз жол – ақылды таңдау» атты танымдық іс-шар

№43 мектеп-лицейінің 6 «Б» сынып оқушыларымен «Қауіпсіз жол – ақылды таңдау» атты танымдық іс-шара өтті. Қатысушылар жаяу жүргінші міндетімен және жолдан дұрыс өту тәртібімен танысты. «Қауіпсіздік кубигі» ойынында балалар жол белгілерін тауып, олардың мәнін түсіндірді. Сонымен қатар, велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану ережелері де жан-жақты талқыланып, әр оқушы жолдағы қауіпсіздік шараларымен танысты. Іс-шара соңында балалар: «Жол ережесін білу – батылдық емес, ақылдылық» деген маңызды қорытындыға келді.