Shygys Book Fest-2025 кітап фестивалі

Shygys Book Fest-2025 кітап фестивалі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Өскемен қаласының күніне орай Арбатта ашық аспан астында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бастамасымен  Shygys Book Fest-2025 кітап фестивалі ерекше тылсыммен өтті, оның басты мақсаты қала тұрғындары мен қонақтары арасында кітапты, кітап оқуды және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.

Shygys Book Fest-2025 кітап фестивалі  қала кеңістігін ауқымды кітап жәрмеңкесіне айналдырып, жаңа басылымдарды таныстырумен қатар, оқырмандарға авторлармен тікелей жүздесіп, шығармашылық әңгімелерге қатысуға жол ашты. Бұл ерекше шара кітапті сүйетін қауым үшін нағыз мерекеге айналды.

Ауқымды мәдени шарада  жас оқырмандар үшін «Балалық кеңістігі» локациясында әдеби ойындар, викториналар, байқаулар, квесттер қолөнер, сурет салу, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытатын әртүрлі шеберлік сағаттар ұйымдастырылды.

«Сөзбен жүректі тербетеміз. Обнимает словом книга» атты кітап көрмесі өткеннің, бүгіннің және болашақтың арасындағы шынайы диалог алаңына айналды. Көрме құқықтық, мәдени және әдеби бағыттарды тоғыстырған үш негізгі бөлімнен тұрды: Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы, Қала күні және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы.

«Өскеменім, өр кескен елім!» атты иммерсивті серуен барысында ересектер де, балалар да өткен күннің атмосферасына еніп, тарихтың рухын сезінді әрі Өскемен қаласының көшелері мен ескерткіштері сақтап келген ғажайып әңгімелерді тыңдады. Аудиовизуалды сүйемелдеу қатысушыларға алыстағы оқиғалардың «жанданып», көз алдында қайта тірілгенін көріп, туған қаласының тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

Әрбір элементі еліміздің ұлылығын, қаламыздың қайталанбас ерекшелігін айшықтап тұрған фотозона қонақтарды өздерінің ең жарқын сәттерін естелікке түсіруге шақырды.

Shygys Book Fest-2025 кітап фестивалі қаланың мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналуына, әдебиет, өнер мен қоғамды біріктіруіне ықпал етті.

 

Share