Бүгін кітапхана қабырғасында «Таза ой, таза ниет – таза болашақ» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ашық пікірталас өтті. Іс-шараға Политехникалық колледждің студенттері қатысып, тақырып аясында өз ой-пікірлерін білдірді.Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық слайдтық таныстырылым ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында Kahoot платформасы арқылы зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап форматында өткен ойында студенттер өз білімдерін көрсетіп, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.
Кітапханадағы Жастар орталығының қызметкерлері көрмеге келген жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы әдебиеттермен таныстырды. Атап айтқанда, И.А. Калиев пен Б.В. Поломарчуктың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және заңнама», М.Т. Габдуалиев пен Р.Е. Жақыповтың «Қазақстандық құқық негіздері», Қ. Қайранбаевтың «Ар мен заң алдында», «Құқық негіздері», сондай-ақ Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ақиқат айнасы» атты еңбектері ұсынылды.Шараның қорытынды бөлімінде «Таза жастар – таза қоғам» атты зияткерлік ойын өткізілді. Қатысушыларға тақырыпқа сай ақпарат беріліп, сұрақ-жауап арқылы білім деңгейлері бағаланды. Ойын нәтижесінде үздік қатысушылар анықталды.Аталған іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ықпал етті.

