Ёжики

Алғашқы сынақ сабағы «Ёжики» үйірмесінде 28 қаңтар күні өтті. Жас қатысушылар қиялды дамытуға арналған «Шыбын», «Пойыз», «Пульс» этюдтерінде өз күштерін сынап көріп, ойдан құрастырылған жағдайларда әрекет ету қабілеттерінің жаман еместігін көрсетті. Сондай-ақ олар зейінді шоғырландыруға, байқампаздыққа, селективті ойлауға және есте сақтауға бағытталған ойын жаттығуларын үлкен ықыласпен орындады.

Сабақ жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалардың ашыла түсуіне, өздеріне деген сенімділікті сезінуіне және шығармашылық өзін-өзі таныту әлеміне алғашқы қадам жасауына мүмкіндік берді.

Жер сілкінісі кезінде әрекет етуге дайындық айлығы аясында балалармен «Что делать, если началось землетрясение?» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Ал «нұсқаулықтан» кейін балалар «Землетрясение» ойынын қызығушылықпен меңгерді.