«Жүрегім менің жанартау» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеш
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай “Жауһар” әдеби-сазды клубында поэтикалық-музыкалық тамаша кеш өтті.
Концерттік бағдарламаға құрылған рухани кешке қала тұрғындары, мәдениет қызметкерлері, студент жастар және қатысушы өнерпаздар келді.
Сахна саңлақтары сақи ақынның шығармашылығынан поэзия оқып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады.
“Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай”, “Арманда”, “Поэзия менімен егіз бе едің”, “Мен деп ойла”, “Фариза”, “Есіңе мені алғайсың”, т.б. туындылары орындалды.
Кеш қонақтары залдың тақырыпқа сай безендіруі мен адам қолының еңбегіне сүйсініп, талантты жандардың өнеріне тамсанып қайтты.
Сонымен қатар, кеш соңында келген қонақтарға тематикаға байланысты және одан тыс та «ашық микрофонмен» өнер көрсетуіне мүмкіндік жасалады. Ашық микрофонда олардың бүгінгі күннен алған әсерлерін айтып, ізгі тілектерін білдіруге ақ ниеттестік танытылды.




