Ағылшын тілінде жылдам оқу үйірмесі «Kids reading» / «Ағылшын тілінде жылдам оқу»

Мақсаты: бастауыш және орта мектеп жасындағы балалардың ағылшын тіліндегі әдеби мәтіндерді оқу және түсіну дағдыларын дамыту;

Міндеттері:

  • жылдам оқу әдістерін меңгеру;
  • Есте сақтау қабілеті мен зейінді дамыту;
  • Оқылған ақпаратты түсіну дағдыларын жетілдіру;
  • Миға арналған нейро-гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы екі жарты шардың синхрондалуы;
  • Оқуға тұрақты қызығушылықты қалыптастыру;

Жас санаты: сабақтар орта мектептердің 3-4; 5-6 сыныптарының балаларына бағытталған.

Қысқаша сипаттама: үйірме сабақтары әр қатысушыға жеке көзқарас мақсатында 5 адамнан тұратын шағын топтарда өткізіледі. Оқу материалы ретінде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін әдеби шығармаларды таңдау қарастырылған. Әр сабақта дайындық кезеңі бар, оған нейрогимнастика, тыныс алу жаттығулары кіреді (алфавитті бірінші әріппен дем алып, біртіндеп дем шығара отырып, соңғы әріпіне жету), фонетикалық жаттығулар (ағылшын алфавитінің төл дыбыстарының айтылуын жаттықтыру).

Өтетін уақыты: әр жексенбі сайын сағат 11.00-де (бастауыштар тобы) және 14.00-де (орта буын оқушыларының тобы)

Share