Қуантайұлы Нұржан

Нұржан Қуантайұлы  – прозашы, ақын. 1971 жылдың 22-қаңтарында бұрынғы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданындағы Үлгілі ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ мемлекеттік университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түседі. Студент шағынан «Жұлдыз», «Лениншіл жас»,  «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Жас қазақ», «Алматы ақшамы» басылымдарында өлеңдері жарияланып, әдебиет әлеміне ерте танылған.

1993 жылы осы факультетті үздiк дипломмен бiтiріп, сол жылдан бастап 1994 жылға дейін Қазақ радиосында аға редактор, шолушы болып қызмет етеді.

 1995-1996 жылдары Қазақстан Журналистер одағына қарасты Журналистердi қолдау қорының вице-президентi, ал 1996 жылдан 2009 жылға дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде аға оқытушы, содан соң доцент болып дәріс бере жүріп, 2000-2002 жылдары республикалық «Жас алаш» газетiнiң шолушысы, 2002-2004 жылдары «Ақ жол – Қазақстан» газетiнің әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 2004-2005 жылдары «Айқын» газетiнiң саяси шолушысы болып қызмет еткен.

2000 жылы ҚазҰУ-дің диссертациялық кеңесінде «Жүсiпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы және Алаш Орда баспасөзі» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болған.

2005 жылдың мамыр айынан 2009 жылдың мамыр айына дейін «Алматы ақшамы» газетi бас редакторының бірінші орынбасары қызметiн атқарды.

2009 жылдың мамыр айынан Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіне қарасты «Шығыс ақпарат» медиа-холдингінің бас директоры қызметiн атқарып келдi.

Мемлекеттiк «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Садуақасов атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.

Қазақстан Журналистика академиясының академигі.

Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен наградталған.

«Қараөзек» атты романның, бірнеше әңгімелердің, үш жыр жинағының авторы.

«Адырна», «Күмбiр», «Қараөзек», «Алаш Орда баспасөзi және Жүсiпбек Аймауытұлы», «Қолшатыр» атты кiтаптары жарық көрген.   

Республикалық баспасөзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы.

Балаларға арналған туындылары да бар: «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», т.б.

«Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Бірнеше бәйгелердің жүлдегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Көркем шығармалары мектеп оқулықтарына енген. Халықаралық сыншылар ассоциациясының дипломанты. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.

Шығармалары:

  • Қуантайұлы, Н. Алаш Орда баспасөзі және Жүсіпбек Аймауытұлы [Мәтін] / Н. Қуантайұлы. – Өскемен : Altay-Пресс, 2013. – 292 б.
  • Қуантайұлы, Н. Асыл сөз [Мәтін] : роман, әңгімелер, аудармалар, өлеңдер / Н. Қуантайұлы ; алғы сөз авт. Г. К. Бельгер. – Алматы : Сөздік-Словарь, 2015. – 336 б. – (“Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығы”).

Мақалалары:

  • Кеңшілікұлы, А. Өмірден алынған [Мәтін] : жазушы Нұржан Қуантайұлының “Қараөзек” романы туралы / А. Кеңшілікұлы // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 11 желтоқсан (№50-51). – Б. 14.
  • Қуантайұлы, Н. Алаш әлі зерттеліп біткен жоқ [Мәтін] / Н. Қуантайұлы // Дидар. – 2017. – 11 мамыр (№53). – Б. 28-29.
  • Қуантайұлы, Н. Алаш-Орданың қолбасшысы жатқан жерге белгі керек [Мәтін] / Н. Қуантайұлы // DIDAR. – 2018. – 31 мамыр(№64). – Б. 27 : портр.
  • Әл-Идлиби, Үлфат (Сирия жазушысы).
  • Кек [Мәтін] / Ү. Әл-Идлиби ; ауд. Н. Қуантайұлы // Қазақ әдебиеті. – 2017. – 27 қазан-2 қараша (№44). – Б. 11.
  • Қуантайұлы, Н. Қазақ поэзиясының бүгінгі тынысы [Мәтін] / Н. Қуантайұлы // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 26 сәуір (№ 17). – Б. 6-7. : портр.
  • Медетбек, Т. Алтын көпірліктер [Мәтін] : бастау сөз / Т. Медетбек // Жұлдыз. – 2008. – № 1. – Б. 143 – 165. : портр. ; № 2. – Б. 126 – 140. – (Сын және библиография).
  • Қуантайұлы, Н. Қараөзек [Мәтін] : романнан үзінді / Н. Қуантайұлы // Ақ Ертіс . – 2009. – № 4. – Б. 30-44.
  • Қуантайұлы, Н. Елбасының сенімді серігі [Мәтін] / Н. Қуантайұлы // Дидар. – 2010. – 4 наурыз (№29). – Б. 1. : фото.
  • Қуантайұлы, Н. Дүниеге шөлдеп келдік қаталап [Мәтін] : өлеңдер / Н. Қуантайұлы // Ақ Ертіс . – 2010. – № 2. – Б. 49-52.
  • Қуантайұлы, Н. Ешбір кітабына енбеген белгісіз өлеңі [Мәтін] / Н. Қуантайұлы // Дидар. – 2013. – 15 наурыз (№31). – Б. 22.
Share