Қайым Қанат

Қайым, Қанат – балалар жазушысы

1955 жылы 5-мамырда Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Құмкөл ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Аудандық Пионерлер үйінің директоры, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, Қазақ радиосы балалар мен жасөспірімдер редакциясында, «Алматы ақшамы» және басқа республикалық газет-журналдарда жауапты қызметтер атқарған. «Ол-Жас Баспасының» директоры, «Балалар кітабы» қоғамдық қорының президенті.

«Айналайын, абай бол», «Пионерлік ферма», «Жазып, сызып үйренемін», «Топан су», «Еркеш–Еркебұлан», «Көпір астындағы үй», «Халқымның қадір-қасиеті», «Қараңғы бөлменің құпиясы», т.б. балаларға арналған кітаптардың авторы.  

Республикалық «Астана-Бәйтерек», халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері.

Қ. Қайымның шығармалары:

Кітаптар:

  • Қайым, Қанат. Өзім жазып, есептеймін / Қ. Қайым ; ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім м-гі. – Алматы : Балауса, 2002. – 16 б. : суретті
  • Қайым, Қанат. Еркеш-Еркебұлан : повесть / Қ. Қайым. – Мәтін ; ред. А. Сыздық. – Алматы : Баур, 2008. – 112 б. – (Балдырған).
  • Қайым, Қанат. Көпір астындағы үй : хикаяттар, әңгімелер, балғындарға базарлық, сахналық қойылымдар / Қ. Қайым. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2020. – 239 б.

Мақалалар:

  • Қайым, Қанат. Акция – мақсатты әрекетке құрылуы керек / Қ. Қайым. – Мәтін : // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 14 тамыз (№35) . – Б. 1; 4 – 5. – (Көркемдік құпиясы).
  • Қайымов, Қанат. Көргенсіз : әңгіме / Қ. Қайымов. – Мәтін :  // Балдырған. – 2011. – № 9. – Б. 42 : түрлі-түсті фот.
  • Қайым, Қанат. Иттің күшігі : ертегі / Қ. Қайым. – Мәтін : // Балдырған. – 2012. – № 8. – Б. 34-35
  • Қайым, Қанат. Көпір астындағы үй / Қ. Қайым. – Мәтін : // Жалын. – 2015. – №4. – Б. 76-86.
  • Қайым, Қанат. Итырғын : әңгіме / Қ. Қайым. – Мәтін : // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 31 шілде (№9). – Б. 9
  • Қайым, Қанат. Ботқа : әңгіме / Қ. Қайым. – Мәтін : // Балдырған. – 2015. – № 10. – Б. 44-45
  • Қайым, Қанат. Көңілшер : (хикаят) / Қ. Қайым. – Мәтін : // Жалын. – 2016. – №4,5,6. – Б. 59-83.
  • Қайым, Қанат. Дәу ата : әңгіме / Қ. Қайым. – Мәтін : // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 24 мамыр (№21). – Б. 17, 20-21. : портр.
  • Қайым, Қанат. Қөңілшер : проза / Қ. Қайым. – Мәтін : // Juldyz. – 2019. – №12. – Б. 75-95
  • Қайым, Қанат. “Қара тажал” хикаясы : деректі әңгіме / Қ. Қайым. – Мәтін :  // Ұлан. – 2020. – 5 мамыр (№18). – Б. 8-9 : портр.
  • Қайым, Қанат. Құрсау-ғұмыр / Қ. Қайым. – Мәтін :  // Ұлан. – 2022. – 9 наурыз (№9). – Б. 10-12. : портр.
  • Қайым, Қанат. Замануи тақырыпты таңдай білген / Қ. Қайым. – Мәтін :  // ANA TILI. – 2022. – 12-18 мамыр (№19). – Б. 10. : портр.
Share