Жаңа оқу жылында «Bastaу» қазақ тілін үйрету үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Үйірмеге қатысушылар 7 қыркүйек күні алғашқы «Адамның дене мүшелері» аты тақырыппен танысып, сөздік қорларын молайта отырып өз ойларын қазақша жеткізуге тырысты. Қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындады. Сабақ барысында түрлі оқыту әдістерін қолданып, үйірме мүшелерінің тілге деген қызығушылықтарын арттыруда жоспарлы жұмыстар іске асырылуда.