Өлкеміздің көрікті жерлері мен қаламыздағы мәдени орындар туралы оқырманға қызықты ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған «Менің өлкем – менің мақтанышым» атты подкаст бүгін қала тұрғындарына «Юбилейный» кинотеатрының тарихы мен қазіргі тыныс-тіршілігі жайлы ақпарат берді. Оқырмандар кинотеатрдың тарихымен, 90-шы жылдардағы дағдарыстан аман шығып, өз көрермендері үшін жасап жатқан қызмет түрлерімен танысты. Сондай-ақ, 1967 жылы 6 қарашада кинотеатрдың тұсауын кескен тұңғыш кино – «Свадьба в Малиновке» фильмін 840 көрерменнің тамашалауы – оқырмандар үшін қызықты ақпарат болды.
Міне, сол күннен бастап «Юбилейный» кинотеатры – қаламыздағы танымал демалыс орындарының бірі.

Share