«Парасат жолы» жобасының аясында әділдік, мейірімділік қағидаларын қалыптастыру мақсатында, ZOOM платформасында, онлайн форматта заң қызметкерлерімен «Борьба с коррупцией-дело общее» атты кездесу, тікелей эфир ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында, сыбайлас жемқорлықпен күресу істері жөніндегі аға тергеуші Тілек Қайратұлы мен ШҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының практикалық қызметкері, жасөспірімдер инспекторы Зарина Бауыржанқызы, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу бойынша қандай шаралар жасау қажеттігін айтып өтті. Қазіргі қоғамда белең алып отырған жемқорлыққа қарсы түрлі іс-қимылдардың өткізіліп жатқандығы жөнінде бірнеше айғақтар келтіріп өтті.