Білім беру сапасын арттыру жағдайында оқыту, дамыту және тәрбиелеу мазмұны мен әдістерін жетілдіру

Білім беру сапасын арттыру жағдайында оқыту, дамыту және тәрбиелеу мазмұны мен әдістерін жетілдіру

Кітапханада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары кітапхана қызметкерлері үшін «Білім беру сапасын арттыру жағдайында оқыту, дамыту және тәрбиелеу мазмұны мен әдістерін жетілдіру» атты семинар өткізілді. Семинар барысында түрлі бағдарламаларды қолдана  отырып жұмыс жасау мүмкіндіктері қаралды.  Kahoot бағдарламасымен жұмыс қатысушылардың қызығушылықтарын тудырды. Ұсынылған шеберлік сағаты барысында әрқайсысы белсене қатысып, аталмыш бағдарламаны қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Сонымен қатар кітап пен оқуды дамытуда жаңа әдіс-тәсілдер де назардан тыс қалмады. Арнайы құлаққаптың көмегімен иммерсивті серуенге қатысып қана қоймай, өлке шығармаларын насихаттау барысындағы түрлі әдістерді меңгерді.

Share