Тіл – адамзаттың рухани негізі, татулықтың тірегі, тұтастықтың тұтқасы, достықтың белгісі. Бұл қағиданы жас ұрпақтың жадына сіңіру – біздің басты бағдарымыз. Осы орайда Өскемен қаласы №9 орта мектебінің 7 сынып оқушылары кітапханамызда қонақта болып, «Королевство языков» атты интеллектуалдық конкурсқа қатысты. Сайыс барысында қатысушылар логикалық тапсырмалар орындап, жасырынған жұмбақтардың жауабын үш тілде айтып белсенділік танытты.
Сондай-ақ сайыс соңында оқушыларға кітапхана қорындағы тіл біліміне қатысты еңбектер таныстырылып, қызығушылық білдіргендерге оқуға берілді.