Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бүгінгі өткен жалпықазақстандық ашық диктантқа жас кітапханашылар қатысты. Диктант қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды. Диктанттың тақырыбы — «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы». Мәтін 250-ге жуық сөзден тұрды. Диктанттың қорытындысы бойынша кітапханада қатысқан қызметкерлердің арасында жас кітапханашылар сауаттылықтарының жоғары деңгейін көрсетті, әсіресе Кабдылова Марзия көркем жазудан ерекше көзге түсті.