1 маусым – балалар үшін ерекше күн! Кітапхана ұжымы Халықаралық балаларды қорғау күнімен кішкентай бүлдіршіндерді құттықтап, Комендантка өзенінің жағалауында «Маленькие дети на большой планете» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды. Балалар шара барысында ұйымдастырылған «Саяхатшы бақа», «Қиын сұрақтың оңай жауабы», «Барон Мюнхаузен», «Нысанаға дөп тигіз» т.б. ойындарға белсене қатысты. Жаз мезгілі туралы өлең оқып, өз белсенділігімен көзге түскен бүлдіршіндерге кітапхана ұжымы атынан әртүрлі кітаптар сыйға беріліп, тәттілер үлестірілді.