Бүгінгі іс-шарамыз халық өнерінің көне түрлерінің бірі – КИІЗден жасалған бұйымдарға арналды. Шараға қаламыздағы Технология және сервис колледжі студенттері қатысты.
Киіз жасауға болатын жалғыз табиғи материал – ол қойдың жүні.
Шараға келген студенттер киізден жасалған бұйымдардың бүгінде неге соншалықты танымал екенін және киіздің қолмен қалай жасалатынын білді.
Шеберлік сабағында олар жүн мен сабынды судан киіз негізінің қалай жасалатынын көріп, оны өздері дайындап көруге тырысты. Олар процестің қаншалықты қарапайым және көп еңбекті қажет ететініне көз жеткізді. Нәтижесінде жұқа киіздің тамаша үлгісі пайда болды.
Студенттер сондай-ақ, Суретшілер одағының мүшесі, профессор, Қазақ ұлттық университетінің сәндік-қолданбалы өнер кафедрасының оқытушысы Гүлжанат Қабижанованың бірегей картиналарымен, шығармашылығымен танысып, бүгінгі таңда киізден жасалған бұйымдардың қандай түрлері сұранысқа ие екендігін білді.