«Они знают всё!» кітапханалық сабақ

«Они знают всё!» кітапханалық сабақ

Кітапханамызда №9 орта мектебінің 3-сынып оқушыларына «Они знают всё!» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді.
Кітапхана сабағында балалар кітапханада бар сөздіктермен, балаларға арналған энциклопедиялық басылымдарымен танысты. Кітапханашы энциклопедиялар мен анықтамалық, сөздіктерден қажетті материалды іздеу жолдары туралы айтты. Сөздіктерге көп көңіл бөлінді, өйткені ол әр сауатты адамға қажет.
Кітапхана сабағының соңында балалармен анықтамалықтар мен энциклопедиялық әдебиеттерден қажетті ақпаратты табу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық жұмыс жүргізілді. Жас оқырмандар қажетті ақпаратты алуда өздерінің тамаша қабілеттерін көрсетті
Share