Адалдық – адамдықтың белгісі.

Адалдық – адамдықтың белгісі.

Бүгін кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы әкімдігінің Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына арнап адалдық пен әділдік туралы түсінік беру және адами құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру мақсатында «Адалдық: сенімді жол» атты талқылау сағатын өткізіп қайтты.

Шара қатысушылардың бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіретін «Шаттық шеңберінен» басталды. «Ойланайық, пікірлесейік» айдары бойынша жасөспірімдер «Адал бала» атты корей ертегісімен танысып «Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме? Неліктен? Әділ болу оңай ма? Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақтар төңірегінде өз пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ алғыр оқушылар кітапхана психологының әзірлеген «Достық жаттығу», «Менің досым» атты трениг сағатына да белсенді қатысты. Шара соңында «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолдану арқылы қатысушылар жүрекшелерге тілектерін жазып, көңілді тарқасты.

 

Share