Ұтқыр ой мен шешен тіл

Ұтқыр ой мен шешен тіл

Кітапхана қызметкерлері тілдер мерекесі аясында ұйымдастырып отырған шаралар өз жалғасын табуда. Бүгін «Ұтқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік сайысы 5 «Б» сынып оқушылары арасында тартысты өтті. «Бәрекелді!»  кезеңінде топ мүшелері сурет қималарынан мақал-мәтел құрастырса, «Ертегілер әлемі» бөлімінде өздерінің сүйікті  кейіпкерлерін мозайка қиындысынан  белгілі бір уақыт аралығында жинап шапшаңдықтарын көрсетті. «Кім білгір», «1001 мақал, 101 жұмбақ» кезеңіндегі тапсырмаларды да қатысушылар қызыға орындады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жас білімпаздарымыз алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, кітапхана қорына келіп түскен ойлы да тәрбиелік мән-мағынаға толы таңдаулы  соңғы шыққан туындылар атап айтсақ З. Жұманованың «Ақбота», Н. Домбайжының «Шатақ қыздың шатпақ күнделігі», Р. Сауытбайдың «Шоко әлемі», М. Гумеровтың «Бұл не керемет» т.б қызықты кітаптар да таныстырылды.

Share