Тіл – достықтың алтын көпірі / Language is a golden bridge for friendship

Тіл – достықтың алтын көпірі / Language is a golden bridge for friendship

Сабақтың кіріспе бөлімінде оқырмандарға тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастардағы ағылшын тілінің рөлі туралы ағылшын тіліндегі қысқа бейнеролик ұсынылды. Бұдан әрі балалар ағылшын тілді елдер және олардың әлем картасында/world map-та орналасуы туралы өз білімдерімен бөлісе алды. Одан әрі балалар «Cave man» Ежелгі адам ойынын ойнады, оның барысында жас оқырмандардың бірі ежелгі үңгір тұрғыны болып көрініп, байланыс орнатуға тырысты, өз идеясын басқаларға ым-ишарамен және дыбыспен жеткізді. Сондай-ақ, балалар әр түрлі тілдерде амандасып, жұмбақтар мен мақалдарды шешті. Іс-шара соңында балалар достық ағашын безендірді.

Share