Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Бүгін кітапхана қызметкерлері 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларына арнап «Сарбазы болам елімнің!» атты шара ұйымдастырды. Шара барысында қатысушыларды «Күтпеген сәт!» бөлімінде қызықты тосын сыйлар күтсе, «Сен білесің бе?» бөлімінен отанымызды қорғаған қазақ қыздары туралы мол ақпараттар алды. «Кім жылдам?» кезеңінде жылдамдық, ептіліктерін сынап, “Мерген” ойынын ойнады. Шара соңы оқушылардың орындауындағы “Алаш ұраны” әнімен жалғасын тапты.