Жазушылар мен олардың кейпкерлері/Writers and their characters

Әр түрлі шығармаларды, әсіресе ертегілерді оқу әрқашан қызықты және ерекше тақырып. Бүгін біз өзіміздің тыңдаушыларымызбен бірге балалар шет ел әдебиетінің сиқырлы, зерттелмеген әлеміне жол тарттық. Мұнда балалар А.Милн, Р.Киплинг, М.Твен сияқты ағылшын тілінде сөйлейтін жазушылардың өмірбаянымен және танымал шығармаларымен танысты. Сонымен қатар олар зияткерлік конкурстарға қатыса алды. Онда олар бейне үзінділер бойынша шығармалардың аттарын білді,…

Read More

Жастар кітап әлемінде

Кітапхана қызметкерлері қаламыздағы ЖМК шағын ауданындағы аллеяда «Жастар кітап әлемінде» атты заманауи қоғамда оқудың пайдасы мен қажеттілігі туралы өзекті тақырыпта сұхбат өткізді. Онда «Жастар кітап оқиды ма, әлде мүлдем оқымайды ма? Қандай кітаптарды ұнатады? Зиялылар жазып кеткен мұралар мұрағатта құр босқа, шаң басып жатыр ма? Әлде жан ашыр жастар әлі де болса бар ма? Не…

Read More

Әдеби кейіпкерді тап/Find the literary character

Жаз-қызықты кітаптар оқып, сүйікті кейіпкерлеріңізді еске түсіретін уақыт. Тіл үйірмесінің кезекті сабағында біз кішкентай білгірлерді “Өз ойыным” танымдық әдеби викторинасына қатысуға шақырамыз, онда олар ертегілер, мультфильмдер мен басқа да шығармалардың кейіпкерлерін ойланып табатын болады.

Read More

Город великой степи

Кітапхана қызметкерлері бас қаламыздың туған күніне орай қаламыздың Астана көшесі бойында қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына «Город великой степи» атты құттық TIMES мерекелік шарасын өткізді. Шараға қатысушыларға астананың даму тарихы, көрнекті жерлері бойынша викторина, Елорда туралы қызықты ақпараттар берілді. Шахмат, дойбыдан жарыстар өткізіліп, интеллектуалдық және қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылды. Ойын жеңімпаздарына сыйлықтар тарту етілді. Сондай-ақ, аталмыш…

Read More

Алтайға сапар

 Халықтың рухани мұратына қызмет еткен тұлғалар аз емес. Данышпан  қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының арман-мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын  жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған. Сондықтан халқымыздың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың…

Read More

Тағамдар және оларды әзірлеу/ Meals and cooking

Тіл үйірмесінің бүгінгі сабағында балалар көкөністер мен жемістердің ағылшын атауларымен танысты, жұмбақтар байқауына қатысты, “Кафеде” шағын қойылымын қойды. Онда олар қандай да бір жеміс немесе көкөніс рөліне кіріп ойын ойнады және бір-бірімен танысу арқылы белгілі бір топтарға бөлінді. Соңғы бөлімде олар тірек сөздердің көмегімен сүйікті тағамдарының түрлі рецептерін жасады.

Read More

Шебер қолдар

Бүгін кітапханамызға келген кішкентай оқырманымыз Қажымхан Арафат тек қана кітап оқып қана қоймай, «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысып, бөлме қабырғасына ілінетін сәндік гүл жасаудың жолын үйреніп, уақытын тиімді өткізді.

Read More

Математиканың тылсым әлемі/In the magic world of Math

Барлық ғылымдардың патшайымы – Математикаға арналған мереке. Бүгін жазғы лагерьдің балалары оның жұмбақ әлеміне аттанды, онда көптеген жаңа, қызықты және танымды нәрселерді білді. Олар тапқырлықта, танымдылықта және жылдам есептеуде жарысты, сандық эстафетаға қатысты, математикалық адамның жасын анықтады, үстел ойынын ойнады, онда олар сандарды атап, заттарды санады. Сонымен қоса ертегі кейіпкерлерін болжап, сандар бойынша сурет салды.

Read More

Өлкеңді таны

Кезекті «Өлкеңді таны» зияткерлік ойынына қатысушылар туған өлкелері туралы құнды ақпараттармен танысып қайтты. «Ой қозғау» әдісі арқылы Өскемен қаласының даму тарихына саяхат жасады. «Ол кім, бұл не?» әдісі бойынша ШҚО ақын-жазушылары мен мәдени орындарға тоқталып, өз ойларымен бөлісті. «Қызықты пазлдар» құрап, облысымыздың шаруашылығына көз жүгіртті. «Дұрысын тап» кезеңінде өлкеміздің өзен-көл, тау, киелі жерлеріне сапар шекті. «Кім…

Read More

Wise advices from nature

Валеологиялық мектептің жазғы лагерінің балаларына арналған тілдік үйірме аясында қоршаған ортаға арналған іс-шара өтті. Басында балалар өздеріне ұсынылған суреттерді тірі және жансыз табиғатқа бөліп, ағылшын тіліндегі табиғат туралы кішкентай өлең жолдарын толықтырды да көздерін жұмып табиғат құбылыстарын бейнеледі. “Run – Freeze” ойыны барысында олар жануардың кейпінде қатып қалды, ал жүргізуші олардың аттарын табуға тырысты. Соңында…

Read More