Валеологиялық мектептің жазғы лагерінің балаларына арналған тілдік үйірме аясында қоршаған ортаға арналған іс-шара өтті. Басында балалар өздеріне ұсынылған суреттерді тірі және жансыз табиғатқа бөліп, ағылшын тіліндегі табиғат туралы кішкентай өлең жолдарын толықтырды да көздерін жұмып табиғат құбылыстарын бейнеледі. “Run – Freeze” ойыны барысында олар жануардың кейпінде қатып қалды, ал жүргізуші олардың аттарын табуға тырысты. Соңында балалар әйгілі “Үйшік” ертегісін еске алып, оның ағылшын тіліндегі шағын қойылымын жасады.