«Оқушылардың оқырмандық құзіреттілігін қалыптастыру» семинар практикум

Кітапханада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары мектеп кітапханашылары үшін «Оқушылардың оқырмандық құзіреттілігін қалыптастыру» атты семинар практикум өткізілді. Дәстүрлі сергіту сәтінен басталған семинар жұмысы  «Kahoot» дидактикалық ойын және тестілеуді жасау Web викториналық платформасымен танысумен жалғасын тапты. Сонымен қатар қатысушылар сапалы құлаққаптардың көмегімен Т.Ахтановтың…

Read More

Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық әлеміне саяхат

№49 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық әлеміне саяхат жасады. Мемлекеттік Әнұранмен басталған әдеби алаңда оқушылар ақынның өмірі мен өлеңдерінен шабыт алды, «Қоңырқай дәптердің күнделігін» мәнерлеп оқып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, «Kahoot» платформасы арқылы қызықты викторина өтіп, қатысушылар ақын жайлы білімдерін сынады. Іс-шара соңында оқушылар «Болашаққа хат»…

Read More

«Басты міндет – халыққа қызмет»

Кітапхана қабырғасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Сахариева Мейіргүл Құзарханқызымен «Басты міндет – халыққа қызмет» атты кездесу болып өтті. Шараға ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебінің» КММ-нің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында жасөспірімдерге сыбайлас жемқорлықтың…

Read More

«Қазақстан – біздің мақтанышымыз: Отанға деген сүйіспеншілікпен бірлікте» кездесу

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай кітапхана қызметкерлері Өскемендегі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінің сарбаздарымен «Қазақстан – біздің мақтанышымыз: Отанға деген сүйіспеншілікпен бірлікте» атты тақырыпта кездесу өткізді. Кездесу барысында әскери қызмет туралы әңгіме болды. Сонымен қатар сарбаздардың назарына аталмыш күнге байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесі ұсынылды. Тәуелсіз еліміздің шекара шебін көздерінің қарашығындай…

Read More

Біздің болашақ

2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланғандығы баршаңызға аян. Осыған орай кітапхана қабырғасында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында кітапхана қызметкерлері ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 бейімделген орта мектебі» КММ-ның 3 сынып оқушыларына және ШҚО білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ-ның бастауыш сынып оқушыларының назарына…

Read More

Кітапханада мектеп кітапханашылары үшін «Оқуға баулимыз: кітаппен жұмыс жасау әдістері» атты семинар өткізілді

Қатысушылар кітапхана психологымен бірге «Менің портретім» арт-терапиясын орындады. Ол әр адамның қайталанбас тұлға екендігін еске сала отырып, өзін дамытуға, бағалай білуге бағытталды. Семинар ШҚ ОБЖК қызметкерлерінің оқырмандарды кітап пен оқуға тартуда атқарылып жатқан жұмыстары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп жалғасын тапты. Атап айтсақ өлкеміздегі ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Өлкетану әліппесі» атты үстел ойыны ұсынылды. Онда қатысушылар берілген…

Read More

Нұрдәулет Бабиханұлымен кездесу

5 қараша күні елімізге белгілі қаламгер, балалар жазушысы, ғалым, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» және «Жамбыл» сыйлықтарының лауреаты, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, біздің жерлесіміз, Шығыстың мақтанышы Ақыш Нұрдәулет Бабиханұлы кітапханамызда қонақта болып, оқырмандарымен кездесті. Кездесуге жазушының замандастары, Өскемендегі зиялы қауым өкілдері – ақын-жазушылар, журналистер және кітапхана оқырмандары, студенттер мен жастар қатысты. Қаламгер шығармашылығы жайлы әңгімелеп,…

Read More

«Секрет доброго сердца» атты саунд-оқылымы

Балалар кітабы апталығы аясында жас оқырмандарға, жазушы Мадыхат Төрежановтың «Қолғабыс» шығармасы бойынша «Секрет доброго сердца» атты саунд-оқылымы ұсынылды. Әңгіме балаларды отбасындағы ұрпақтар байланысының құндылығын түсінуге бағыттайды. Атаның немересімен достығы мысалында адам мен табиғаттың байланысы, сондай-ақ аға буынның еңбекке деген сүйіспеншілігінің ағартушылық үлгісі көрсетілген. Арғынның іс-әрекетін қарастыра отырып, біздің достарымыз кез-келген жаста үлкендерге көмектесуге мүмкіндік бар…

Read More

«Ақын мен уақыт» көрмесі

Сәуір айындағы «Алғашқы беттерден…» айдарының кезекті саны Тарбағатай ауданының тумасы және құрметті азаматы, ақын Хамит Балшабековке арналды. «Ақын мен уақыт» атты көрмеге келген оқырмандар ақынның Шілікті орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарғанын және мектеп саласында оның тек білім берумен ғана шектелмей, жастар арасында аудан деңгейінде ақындар айтысын ұйымдастырғаны жайлы білді. Сондай-ақ Хамит Балшабеков Алматы қаласында 1980…

Read More

Бар жақсылық алғыстан басталады

Бүгін кітапханада «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» 7-сынып оқушылары 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Бар жақсылық алғыстан басталады» достық алаңында кездесті. Іс-шара тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі, шексіз алғыстарытуралы естеліктермен басталды. Азап пен тозаққа толы«АЛЖИР»…

Read More