Қаржы және экономика колледжінің студенттері сайтпен жұмыс жасауды белсенді түрде меңгеруде

Қаржы және экономика колледжінің студенттері сайтпен жұмыс жасауды белсенді түрде меңгеруде. Олар веб-платформалардың мүмкіндіктерін зерттеп, контентті басқару, ақпарат енгізу және дизайн элементтерімен жұмыс істеу сияқты дағдыларды жетілдіруде. Бұл тәжірибе олардың цифрлық сауаттылығын арттырып, болашақ кәсіби қызметтерінде қажет болатын маңызды дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Read More

Жыл мезгілдері

Бүгін кітапханамызға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-ның 2 сынып оқушылары қонаққа келіп, жылдың төрт мезгіліне арналған әртүрлі тапсырмалар орындап қызықты эстафеталық ойындарға қатысты. Көктем, жаз, күз, қыс мезгілдерінің ерекшеліктеріне тоқталып, әр мезгіл туралы жаттаған тақпақтарын жарыса айтып, түрлі кітаптарды сыйға алды.

Read More

Әлем ғылымдар тілінде

«Әлем ғылымдар тілінде» атты ғылым апталығының аясында кітапханамызда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор, заң ғылымдарының кандидаты, философия ғылымдарының докторы (PhD), ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен «Университет ғылымы: болашаққа көзқарас» тақырыбында кездесу-сұхбат өтті. Кездесуге қала мектерінің 10 – 11сынып оқушылары қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Болашақ…

Read More

Ғажайып оқу сәті

Шығысқазақстандық авторлар шығармашылығын ел арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен «Ғажайып оқу сәті» атты Облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясына кітапхананың “Керім-ай” би тобының биші бүлдіршіндері де атсалысты. Жас бишілер жерлесіміз, балалар жазушысы, журналист, көсемсөз шебері Марат Қабанбайдың “Жиhанкез Тити” атты шығармасымен таныса отырып, “Ғажайып глобус”,”Сиқырлы шеңбер” “Дүрбімен дос болайық!” ойындарын белсене қызыға ойнап, “Саяхатшы” биінің…

Read More

Голдсмит Др. Майк Энергияның сыры… және біздің әлемді қалыптастырудағы маңызы : ағылшын тілінен ауд. Б. Әлімжан. – Алматы: Steppe&Worid, 2023. – 96 б.

Энергия қайдан жаралады? Қайдан келеді? Қайдан барады? Онсыз әлем қандай болар еді? Осы және өзге сұрақтарға жауап іздеп жүрген білімпаз балаларға арналған қысқа мағлұмат берілген.

Read More

«Өлкетану ертегілері күні. День краеведческой сказки»

Бүгін кішкентай оқырмандарымыз «Өлкетану ертегілері күні. День краеведческой сказки» атты шара барысында өлкеміздің бірқатар балалар жазушыларының ертегілерімен таныс болды.      

Read More

«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» психологиялық тренинг

Кітапханада «Өрлеу» ҰЦПК АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» тыңдаушылары бастауыш сынып оқытушылары үшін «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты психологиялық тренинг өткізілді. Шара көңілді сәлемдесумен басталып, қызықты тапсырмалармен жалғасын тапты. Тренинг барысында қатысушылар адамгершілікке, іскерліктерін дамытуға, өз кәсібіне деген ынтасын, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыруға арналған бірнеше тапсырмаларды орындады. Атап…

Read More

Бүгін – Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен…

Read More

“Ар мен білім – адамзаттың таразысы” атты жастар аралық турнир

ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен әрі “Ауыл партиясының” қолдауымен 23-ші сәуір ұлттық кітап күніне орай “Ар мен білім – адамзаттың таразысы” атты жастар аралық турнир өтті. Турнир БПФ және АПФ форматтарында өтті. Турнирге ЖОО студенттері қатысып, өз ойларын ашық алаңда еркін білдірді. Пікірсайысшылар ішінде түрлі республика көлеміндегі турнирлерде топ жарған тәжірбиелі спикерлерде болды. Дебат…

Read More

Алғыс білдіремін

Алтыннан алғысты қымбат көретін елміз. Биылға жылы кітапхана қабырғасында қолға алынған «Бүгінгі күннің батырлары» бағдарламасы аясында алғыс айту күніне орай кітапхана ұжымы 5518 әскери бөліміне барып, «Алғыс білдіремін!» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Ұлан ғайыр қазақ жерін қорғап жүрген барлық сарбаздарға азаматтық қоғам қалыптастыруда елеулі үлес қосып қосып, жас ұрпаққа өзінің ерлігімен үлгі болып жүрген барлық…

Read More