«Жолдағы кітаптар сапары»

Библиотуризм аясында өткізілген «Жолдағы кітаптар сапары» акциясы бұл жолы «БелАлекс» фирмасының қолдауымен теплоходта өтті. Кеме жолаушылары үшін шығысқазақстандық жазушылар Кәмшат Нұғыманова мен Елена Липилинаның акцияға қатысуы тосынсый болды. Олар өз шығармаларынан үзінділер оқып, шеберлік сабақтарын өткізді. «Өлеңнен кейін» (шеберлік сағатының бірі осылай аталады) қатысушылардың кез-келгені ақын ретінде өздерін сынап көрді. Кітапхана өзінің үздік оқырмандарын да…

Read More

«Читающие дома»

«Читающие дома» жобасының кезекті кездесуі балалардың ғана емес, сондай-ақ ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятудан басталды. Жоба қатысушылары көпбалалы отбасылар болғандықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде ақыл-кеңес, отбасы құндылықтары мен өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға көмекші құрал бола алатындай кітапхана қорындағы екі тілде жазылған бірнеше кітаптар оқуға ұсынылды. Көпбалалы аналардың айтуынша бір отбасыда тәрбиеленіп жатқан…

Read More

“Шуақты кітаппен кездесу”

Спортпен шұғылданып және кітап оқуды ұнататын оқырмандар үшін аулада “Шуақты кітаппен кездесу”атты әдеби воркаут ұйымдастырылды. Ашық аспан астына жиналған оқырмандар «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында, «Балалар әдебиеті» бөліміне еніп, оқуға ұсынылған жазушылар: Ы.Алтынсариннің «Өнер –білім бар жұрттар», Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», М.Қабанбаевтың «Жиhангез Тити», Т.Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», З.Наурызбаева, Л.Калаустың «Алтын тостағанды іздеу», М.Айымбетовтың…

Read More

Жұмбақ арал

Бүгінгі сабақта балалар ағылшын сөздерін ойын түрінде қайталап, сөйлемдер құрып, өткен тақырыптарды қарқынды түрде қайталады. Сонымен қатар, оқырмандарымыз шет тілінің дауысталуын дұрыс қабылдауға және сөйлеу тәжірибесін арттыруға бағытталған ойындар ойнап, қабілеттерін жаттықтырды.

Read More

Домбыра party

Кітапхана ұжымы шілде айының алғашқы жексенбісіне белгіленген Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай ашық аспан астында, қаламыздағы ең бір көрнекті саябақтардың бірі – жыр алыбы Жамбыл атындағы саябақта «Қоңыр сазы жүректе» атты домбыра-party ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – ұлтымыздың үні болған киелі аспабымызды әспеттеу, оның қоңыр үні арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Ұлттық домбыра күнінің бұқаралық сипатта…

Read More

Құдірет бар домбыра ішегінде

4 шілде-Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған «Құдірет бар домбыра ішегінде»  шарасы кітапхана ауласында, ашық аспан астында өтті. Жыл сайын атап өтілетін бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі зор.Шараның құрметті қонақтарының бірі «Әлем сазы» вокалдық-аспаптық тобының музыкалық жетекшісі Мирас Төреханұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, домбыраның құдіреті  жайлы айта келе, Құрманғазының «Адай» күйін күмбірлете орындады. ШҚО…

Read More

«Ульба»

ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы әдеттегідей «Ульба» сауықтыру орталығының тәрбиеленушілерімен ашық аспан астында кездесті. Қатысушылар ертегілер әлеміне сапар шегіп, «Пысық құлан» атты ағылшын тілінен аударылған ертегімен танысты. Ертегі кейіпкерлері қой, ешкі, тауық, мысық, ит, жайлы қойылған сұрақтарға жарыса жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы ашылмалы кітапшаларды қызықтады. Кездесудің соңында «Пысық…

Read More

«Библионяня»

«Библионяня» үйірмесінің кезекті шарасы кітапхана қорындағы «Найди и Покажи На ферме», «Найди покажи Весь мир» кітаптарымен танысудан басталды. Кішкентай оқырмандар шара барысында фермадағы үй жануарларымен, ауыл тұрғындарының тыныс- тіршілігімен суреттер арқылы таныса отырып, зейінділікті дамытуға бағытталған қызықты тапсырмаларды орындады. Бұл суретті кітаптар балалардың есте сақтау қабілетін дамытуда және сөздік қорын молайтып, өз бетінше қызықты әңгімелер…

Read More

«Отбасымен оқу» үйірмесі

«Отбасымен оқу» үйірмесінің жұмысы өз жалғасын табуда. Кезекті үйірме отырысында қатысушыларға Р.Б.Нұртазиннің,  А.Д.Сейсенованың  «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын!», «Ата-баба мұрасы», Т.И.Гризик, Г.Ж. Майкотованың «Дүниені танып білемін»  оқулықтары оқуға  ұсынылды. Қызықты кітаптарды оқыған балалар мен ата-аналар бірлесе берілген тапсырмаларды орындады. Шара соңында  өз ойларымен бөліскен ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.    Баланы жақсылыққа, білім мен кітап оқуға баулитын,…

Read More