Отан қорғаушылар күні

Бақытты боп жүргенім Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің тірегім, Құшағыңда гүл атам. Иә, бақытты бүлдіршіндеріміз 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін кітапханашылармен бірге қарсы алды. Спорттық сайыстар – жүгіруде, секіруде, дратс атуда белсенділік көрсеткен оқырмандар қолөнерден де құралақан емес екенін байқатты. Сурет салып, танк, ұшақ жасаған олар өз ұшақтарына алдағы күнге деген арман-тілектерін жазып,…

Read More

«Бір ел – бір кітап» акциясы негізінде Қ.Нұрғалиев атындағы №43 орта мектепте «Көркем шығарма шебері» әдеби сағаты

Бүгін «Бір ел – бір кітап» акциясы негізінде Қ.Нұрғалиев атындағы №43 орта мектепте «Көркем шығарма шебері» әдеби сағаты өтті. 8 – сынып оқушылары Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесін зерттеп, кейіпкерлердің сырлы әлеміне үңілді. Әдеби сағат қызықты әрі интерактивті өтті! Оқушылар автор туралы бейнеролик көріп, викторина сұрақтарына жауап берді, «Қараой» әңгімесінің мазмұнымен танысты . Әңгімедегі оқиғалар мен…

Read More

Поэзия кеші Шығыстың үш шайыры: Тұрғазы Нұқай, Серік Ғабдуллин, Ғалым Байбатыров шығармашылығына арналды.

Бүгін кітапханамызда өткен поэзия кеші Шығыстың үш шайыры: Тұрғазы Нұқай, Серік Ғабдуллин, Ғалым Байбатыров шығармашылығына арналды. Бұл ақындар – туған жердің табиғатын, елге деген махаббатты, адамгершілік пен ізгілікті жырға қосқан Шығыс өңірінің жарық жұлдыздары. Кешіміздің мақсаты – жастарды поэзияға, ұлттық руханиятқа баулу, жергілікті ақындардың мұрасын насихаттау еді. Поэзия кешіне қаланың зиялы қауым өкілдері, ақындар, журналистер,…

Read More

Кітапханада мектеп кітапханашылары үшін «Оқуға баулимыз: кітаппен жұмыс жасау әдістері» атты семинар өткізілді

Қатысушылар кітапхана психологымен бірге «Менің портретім» арт-терапиясын орындады. Ол әр адамның қайталанбас тұлға екендігін еске сала отырып, өзін дамытуға, бағалай білуге бағытталды. Семинар ШҚ ОБЖК қызметкерлерінің оқырмандарды кітап пен оқуға тартуда атқарылып жатқан жұмыстары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп жалғасын тапты. Атап айтсақ өлкеміздегі ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Өлкетану әліппесі» атты үстел ойыны ұсынылды. Онда қатысушылар берілген…

Read More

Тіл – достықтың алтын көпірі / Language is a golden bridge for friendship

Сабақтың кіріспе бөлімінде оқырмандарға тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынастардағы ағылшын тілінің рөлі туралы ағылшын тіліндегі қысқа бейнеролик ұсынылды. Бұдан әрі балалар ағылшын тілді елдер және олардың әлем картасында/world map-та орналасуы туралы өз білімдерімен бөлісе алды. Одан әрі балалар «Cave man» Ежелгі адам ойынын ойнады, оның барысында жас оқырмандардың бірі ежелгі үңгір тұрғыны болып көрініп, байланыс орнатуға…

Read More

«Ел ағасы»

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Дәуренбекқызы қазіргі қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ұлт әдебиетінің қоржынына «Ақбоз үй» сынды кесек туынды салған белгілі қаламгер Смағұл Елубай ағамызға «Ел ағасы» құрметті марапатын табыстады. ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұжымы мен оқырмандары қаламгерді құрметті атағымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық тілейді! #vkolibrary #вкодюб

Read More

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесі

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқырмандардың назарына балалар жазушысы, қоғам қайраткері Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Қатысушылар жазушының өмірімен және шығармшылығымен танысты. Сондай-ақ жазушының балаларға арналған әңгімелері мен повестері туралы қысқаша ақпараттар берілді. Атап айтсақ «Ергежейлі еліне саяхат», «Жекпе – жек», «Аяжан», «Менің атым Қожа», «Балалық…

Read More