Татулықтың тұрағы

“Бірлік бар жерде – тірлік бар” деп, дана халқымыз бекер айтпаса керек. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келеді. Айтулы мереке аясында кітапхана қызметкерлері Шығыс Өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің офицерлік құрамының қатысуымен “Татулықтың тұрағы” атты кітапханалық журфикс ұйымдастырды. Шара барысында басқарманың офицерлері бірнеше топқа бөлініп, “Тапқыр…

Read More

Дала дауылпазы-Құрманғазы

Қазақтың ұлы күйші-композиторы, төкпе күйдің атасы, аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы әкімдігінің Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп лицейінің 9-сынып оқушыларына интерактивті сабақ өткізіп қайтты. Шара барысында кітапханашылар күйшінің өмірі мен шығармашылығы тарихынан сыр шертіп, Құрманғазы күйлерінің шығу тарихынан ақпараттар беріп, «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» сынды…

Read More

Бүгінгі күннің батырлары

Бейбітшілік өмірде батырлыққа орын бар. Иә, бейбіт елде ғұмыр кешіп жатқанымызбен, күнделікті өмірде адам жанын ажалдан арашалап, тосыннан келетін тілсіз жаудан сақтап қалған қызметкерлердің ерлігі ерен. Сондай жандардың бірегейі бүгін кітапхана төрінде құрметті қонақ болып қайтты. Келелі кездесудің кейіпкерлері өткен жылы Жаңа Согра ауданында болған өрт кезінде батырлық пен жанқиярлық танынтқан, бүгінгі күннің батыры 5518…

Read More

Ел рухын көтерген ер

Қасым Қайсенов – ерлікті аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері. Шын батырға халықтың қошеметі мен махаббатынан артық не керегі бар. Бүгін кітапхана қызметкерлері “Кітап шоу-2023″фестивалі аясында Өскемен қаласы әкімдігінің Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларына арнап Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы, партизан Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ел рухын көтерген ер» атты әдеби…

Read More

Кітап керуені

ҚР Ұлттық кітапханасының бастамасымен (Алматы қ.) Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жыл сайынғы дәстүрлі «КІТАП шоу-2023» фестивалі ұйымдастырылды. Биылғы жылғы кітап фестивалі Халықаралық Түркі өркениетінің дамуының 30 жылдығына арналды. Басты мақсаты – тамыры терең түркі өркениетін жаңғырту, түбі бір түркі халықтарының өткен тарихын, тілін,…

Read More

Адалдық – адамдықтың белгісі.

Бүгін кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы әкімдігінің Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына арнап адалдық пен әділдік туралы түсінік беру және адами құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру мақсатында «Адалдық: сенімді жол» атты талқылау сағатын өткізіп қайтты. Шара қатысушылардың бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіретін «Шаттық шеңберінен» басталды. «Ойланайық, пікірлесейік» айдары бойынша жасөспірімдер «Адал бала» атты корей ертегісімен…

Read More

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып…

Шуақ шашып, қап-қараңғы түнектен, Ғашықтарға пәк сезімнен жыр еккен, Қозы Көрпеш – Баян сұлу күнімен, Құттықтаймыз сіздерді шын жүрекпен! Махаббат – өмірдің мәні, әлемнің шамшырағы. Кітапхана төрінде аталмыш мереке аясында жастардың қатысуымен “Мәңгілік қалармын мен ғашық болып…” атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Кеш барысында жұптар арасында «Көңілді старт» жарысы ұйымдастырылып, “Жүректен жүрекке”, “Шарды дәл түсір”, “Әуенмен…

Read More

Оқимыз! Ойлаймыз! Табамыз! Жасаймыз!

«Әлем ғылымдар тілінде» Ғылым апталығының аясында кітапхана қызметкерлері Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 орта мектебі» КММ-нің  4-сынып оқушыларына «Оқимыз! Ойлаймыз! Табамыз! Жасаймыз!» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.  Шара барысында Роберт Уинстонның «Ғылыми эксперименттер» кітаптарынан алынған «тепе-теңдік», «дротик ұшыр», «қысым астында», «жылдам реакция» тәжірибелері балалармен бірге жасалды. Қызықты тәжірбиелерді  қарапайым тілмен түсіндіретін «Фиксики» мультфилімі көрсетіліп, одан…

Read More

Simple Science

«Simple Science» сабағында оқырмандар ғылымның түрлі салаларында өздерінің зияткерлік қабілеттерін көрсетті. Ньютон мен Архимедтың физикалық заңдары, математикалық және геометриялық есептер балалардың ерекше қызығушылықтарын тудырды. Ал оларды шешу үшін фактілерге сүйеніп қана емес, өз логикаларын  және креативті ойлау қабілеттерін көрсете білді. «Жаңа білімді бойға сіңіру – неткен жағымды сезім!» деп француз комедиографы Мольер айтқандай біздің үйірменің…

Read More

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Кеше Қазақстан Жазушылар одағының жыл сайынғы дәстүрі бойынша әдеби жыл қорытындысы өтті. Әдеби жыл қорытындысы бойынша елге еңбегі сіңген қаламгерлерге «Қазақстанның құрметті жазушысы», Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы сынды марапаттар табыс етілген еді. Марапатталған қаламгерлер қатарында Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО филиалының директоры, жерлес жазушымыз Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев та бар. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атанған Әлібек ағамызды…

Read More