Библиоша

«Библиоша» оқу академиясы кезекті кездесуінде «Алдар көсе» ертегісін мазмұндап, басты кейіпкерлерге сипаттама жасады. «Кейіпкерге сипат» әдісін қолдана отырып, балалар кейіпкерлерді әр қырынан ашып жазуға тырысты.  Қатысушылар Алдардың әнін жатқа айтып, мультфильмін тамашалады.

Read More

Ахмет Байтұрсынұлының даналық тағылымдары

ШҚО Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-да қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, тіл білімінің жанашыры, түркітанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 2022 жылдың 12-22 қыркүйек күндеріне жоспарланған «Ахмет Байтұрсынұлының даналық тағылымдары» атты мектепшілік онкүндік салтанатты түрде ашылды. Ағартушы А.Байтұрсыновтың есімі тіл білімімен тығыз байланысты. Оңкүндіктің…

Read More

Асыл ана

Сананы сәулелендіріп, көңіл көкжиегін кеңейтетін үлкендердің әңгімесі үлгі-өнегеге толы. Сондай жанның бірі – жазушы, журналист, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Мәуітқазы Зүкенұлы. Жақында Отбасы күні аясында кітапхана төрінде өткен «Татулықтың тірегі…» атты мерекелік шарамызға Мәуітқазы ата жары Күлпаш апамен бірге арнайы қонақ болып қайтты. Бас қосу жиынының құрметіне кітапхана қорына «Жизнь и судьба – железнодорожный транспорт» кітабын…

Read More

Татулықтың тірегі…

Мерейлі отбасы – ынтымақ пен бірліктің ордасы. Дана халқымыз қашанда қара шаңырақтың беріктігі қазақы тәрбие де деп ерекше мән берген. Демек, әр шаңырақтың аман-саулығы кемел келешекке бастайды. Отбасы күні мерекесі қарсаңында кітапхана төрінде «Татулықтың тірегі…» атты отбасы-пати ұйымдастырылды. Мерекелік шараға бағы мен берекесі асқан ерекше жанұялар қонақ болып қайтты. Атап айтсақ, әр сөзі өнегеге толы…

Read More

Өлкеміздің көрікті жерлері мен қаламыздағы мәдени орындар туралы оқырманға қызықты ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған «Менің өлкем – менің мақтанышым» атты подкаст бүгін қала тұрғындарына «Юбилейный» кинотеатрының тарихы мен қазіргі тыныс-тіршілігі жайлы ақпарат берді. Оқырмандар кинотеатрдың тарихымен, 90-шы жылдардағы дағдарыстан аман шығып, өз көрермендері үшін жасап жатқан қызмет түрлерімен танысты. Сондай-ақ, 1967 жылы 6 қарашада кинотеатрдың…

Read More

Bastaу

Жаңа оқу жылында «Bastaу» қазақ тілін үйрету үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Үйірмеге қатысушылар 7 қыркүйек күні алғашқы «Адамның дене мүшелері» аты тақырыппен танысып, сөздік қорларын молайта отырып өз ойларын қазақша жеткізуге тырысты. Қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындады. Сабақ барысында түрлі оқыту әдістерін қолданып, үйірме мүшелерінің тілге деген қызығушылықтарын арттыруда жоспарлы жұмыстар іске…

Read More

Королевство языков

Тіл – адамзаттың рухани негізі, татулықтың тірегі, тұтастықтың тұтқасы, достықтың белгісі. Бұл қағиданы жас ұрпақтың жадына сіңіру – біздің басты бағдарымыз. Осы орайда  Өскемен қаласы №9 орта  мектебінің 7 сынып оқушылары кітапханамызда қонақта болып, «Королевство языков» атты интеллектуалдық конкурсқа қатысты. Сайыс барысында қатысушылар логикалық тапсырмалар орындап, жасырынған жұмбақтардың жауабын үш тілде айтып белсенділік танытты. Сондай-ақ…

Read More

Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен  бүгінгі өткен жалпықазақстандық ашық диктантқа  жас кітапханашылар қатысты. Диктант қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды. Диктанттың тақырыбы — «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы». Мәтін 250-ге жуық сөзден тұрды. Диктанттың қорытындысы бойынша кітапханада қатысқан қызметкерлердің арасында   жас кітапханашылар сауаттылықтарының жоғары деңгейін көрсетті, әсіресе Кабдылова Марзия көркем жазудан ерекше көзге…

Read More

Ұтқыр ой мен шешен тіл

Кітапхана қызметкерлері тілдер мерекесі аясында ұйымдастырып отырған шаралар өз жалғасын табуда. Бүгін «Ұтқыр ой мен шешен тіл» атты зияткерлік сайысы 5 «Б» сынып оқушылары арасында тартысты өтті. «Бәрекелді!»  кезеңінде топ мүшелері сурет қималарынан мақал-мәтел құрастырса, «Ертегілер әлемі» бөлімінде өздерінің сүйікті  кейіпкерлерін мозайка қиындысынан  белгілі бір уақыт аралығында жинап шапшаңдықтарын көрсетті. «Кім білгір», «1001 мақал, 101…

Read More

Отбасым – менің байлығым   ̸  My family is my treasure

Үйірме сабағында оқырмандар өз құрдастарын отбасы мүшелерімен таныстырды, сонымен қатар достарының отбасылары туралы біле алды. Балалар өздерінің туған-туыстары мен жақындары жайлы айтып, көрсетіп, олардың әуестігі мен отбасылық дәстүрлері туралы ағылшын тілінде сөйлесуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, балалар «Small talk» әңгімесі барысында бір-біріне сұрақтар қойып, алдынала  отбасы мүшелері туралы жұмбақтар ойлап таба алды.

Read More